Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-конц...

Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті

20.01.2026

4490

Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті - adebiportal.kz

V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты.

Кеш барысында ақынның патриоттық және лирикалық әндері орындалды. Атап айтсақ, «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Сен мұңыңды бер маған», «Өкінбе сен» және басқа да туындылары шырқалды. Барлық әндерді облыстық симфониялық оркестр мен «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі сүйемелдеді.

Шөмішбай Сариевтің 15 кітабы шыққан. Ол қазақ әдебиеті тарихында Ираклий Абашидзе, Ольга Берггольц, Андрей Дементьев, Роберт Рождественский, Луиш де Камоэнс және өзге көптеген ақындардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған дарынды аудармашы ретінде де лайықты бағасын алды.

Гала-концерт өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, ақын шығармашылығын көпшілікке насихаттады. Кеш соңында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan