Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Студенттер арасында «Наурыз айтыс» өтеді...

Студенттер арасында «Наурыз айтыс» өтеді

17.03.2026

96

Студенттер арасында «Наурыз айтыс» өтеді - adebiportal.kz

19 наурызда Астанада жас таланттардың басын қосатын  «Наурыз айтыс» қалалық жас ақындар айтысы өтеді.

Бұл іс-шара Астана қаласының әкімдігі және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Айтысқа Астана қаласының ЖОО – нан іріктеуден өткен 14 жас ақын бақтарын сынайды.

Айтыстың мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас дарындарды қолдау. Айтыстың ашылу салтанатына және қорытынды кезеңіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қатысады. 

Жоба жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы.

Жас ақындарға берілетін тақырып «Наурызнама» онкүндігі аясында болмақ.

Айтыскерлердің шеберлігіне танымал айтыскер ақындар: Өміржан Көпбосын, Еркебұлан Қайназаров, Иран-Ғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан сынды сөз өнерінің сарапшыларынан жиналған беделді қазылар алқасы баға береді. 

Жүлде қоры: 

Бас жүлдеге – диплом және ақшалай сертификат;

І, ІІ, ІІІ орын иелеріне – дипломдар мен ақшалай сертификаттар. Сондай-ақ, арнайы номинациялар тағайындалады. Айтыс туралы толық ақпаратты және ережелерді _topzhargan_ инста парақшасынан біле аласыздар. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan