Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» атты «Quiz Time»...

«Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» атты «Quiz Time» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды

12.12.2025

3851

«Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» атты «Quiz Time» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2025 жылдың 12 желтоқсанында, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  балаларға арналған «Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік» атты «Quiz Time» интеллектуалды ойынын ұйымдастырылды. 

Ел тарихын құрметтеуге, өскелең ұрпақтың білімін кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараға Астана қаласындағы №7 және 101 мектептердің оқушылары қатысты.

Балалардың тарихи білімін тереңдету, танымдық қабілетін дамыту, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін насихаттау арқылы олардың азаматтық және патриоттық көзқарасын нығайту, әрі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің мән-маңызын жас ұрпақтың санасына барынша жеткізіп, орнықтыру үшін өткізілген іс-шараның тізгінін ұстаған филолог ұстаз Садық Гүлзира Жорабекқызы бүгінгі интеллектуалды ойынның мақсатын түсіндіріп өтті.

Алғаш сөз алған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми хатшысы Аслан Ғафуров мырза бүгінгі жас ұрпақтың Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды сезініп өсуі аса маңызды екендігіне тоқталды. Ол үшін сабақты жақсы оқып, білім мен өнер игеріп, еліміздің ертеңін жарқын ететін азаматтар болып өсулерің керек деген ойды айта отырып, іс-шараға сәттілік тіледі.

Қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Әбдіжәлел Бәкір жас өркенге ең қажетті нәрсе – ұлттық тәрбие: тілді, ділді құрметтеу екендігіне тоқталды. Мектеп оқушыларының үлкенді сыйлауы қашанда маңызды екендігін атап өте келе, бүгінгі іс-шараға сәттілік тіледі.

Ойын барысында қатысушылар экранда берілген Қазақстан тарихы, мәдениеті, Тәуелсіздікке қатысты маңызды кезеңдер мен ұлттық құндылықтар жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Мектеп оқушылары сахнада тәуелсіздік туралы өлең оқыды. Іс-шарада ұстаздар мен оқушылар күмбірлете күй тартылды.

Кітапхана тарапынан сый-құрмет жасалынып, белсенді қатысушыларға тәуелсіздік тақырыбындағы кітаптар тарту етілді.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары, ұстаздар, тарихшы мамандар және басқа да қонақтар қатысқан іс-шара қатысушыларға жақсы әсер қалдырғаны анық.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan