«Тарихи сәт». АЛЖИР-де тағылымды кездесу өтті

Іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуде саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры, тарихи жадыны сақтау және ұлттық тәуелсіздіктің маңызы сөз болды.

54

«Тарихи сәт». АЛЖИР-де  тағылымды кездесу өтті - adebiportal.kz

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК мен Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды музей кешені бірлесіп, «Тарихи сәт» атты тағылымды кездесу өткізді.

Іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуде саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры, тарихи жадыны сақтау және ұлттық тәуелсіздіктің маңызы сөз болды.

Жиынды ақын, «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. Басқосуға ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, профессор, алаштанушы Қайрат Сақ, ақын Сұраған Рахметұлы және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ақын Ғалым Жайлыбай саяси қуғын-сүргін жылдарының қасіреті туралы ой қозғап, Карлагта жазықсыз жапа шеккен әйелдер мен балалардың тағдыры туралы айтты.

Ақын Сұраған Рахметұлы Моңғолия мен Қытайдағы қазақтардың саяси қуғын-сүргін кезеңінде көрген зобалаңы туралы сөз қозғады.

Профессор Қайрат Сақ Алаш қайраткерлерінің ел азаттығы жолындағы күресіне тоқталып, олардың отбасы мүшелері де саяси қуғын-сүргіннің зардабын тартқанын атап өтті.

Іс-шара аясында «Байрағы биік байтағым» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа кітапқа мүшәйраға қатысқан ақындардың шығармалары енгізілген.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

1600

Той-қазына

19.10.2026

1380

Taza Qazaqstan