Катонқарағай ауданы Берел ауылының маңындағы Патшалар алқабында қазақтың көрнекті ақыны Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия фестивалі өтті.
Іс-шара «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылды. Әдеби кешке Қазақстанның барлық өңірінен ақындар, жыршылар мен жазушылар жиналды.
Поэзия фестивалінде белгілі қазақстандық қаламгерлер өнер көрсетті.
Кеш соңында Меруерт Түсіпбаева мен Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Берел қорғандары маңындағы жыр кеші «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің ең жарқын әрі мазмұнды шараларының біріне айналды.
