Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш...

Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш өтті

07.11.2025

3241

Тұманбай Молдағалиевтің  90 жылдығына арналған кеш өтті - adebiportal.kz

Алматыда белгілі ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» атты мерекелік кеш өтті. 

Іс-шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қаласы филиалы ұйымдастырды.

Халықтың жүрегінен орын алған ақын Тұманбай Молдағалиев ел сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы. Оның махаббат лирикасы мен композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтермен бірге жазған «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Қайран менің жүрегім» секілді туындылары қазақ музыкасының інжу-маржандарына айналған. 

Музыкалық кеште ақынның сөзіне жазылған әндер жаңа аранжировкаларда және әртістердің коллаборациясы ұсынылды. Атап айтқанда, «Туған жер»,  «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбатсың маған», «Аяулым»,  «Жан досым», «Ағаларым», «Отан Ана», «Ару-ана», «Куә бол», «Шақырады көктем» және т.б. әндер орындалды. 

Іс-шараға Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысты: Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Бибігүл Қилымхан, Райм Уайс, Мәди Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, «Азия» және «Меломен» топтары бар.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan