Қазақстан Республикасына ресми сапар аясында Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ханым Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына барып, ұйым шығарған кітаптарды сыйға тартты.
Сапар барысында Қор президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова ханыммен кездесті. Кездесу барысында кітапханалардың түркі әлемінің ортақ құндылықтарын сақтауда және оларды келер ұрпаққа жеткізуде айрықша рөл атқаратыны атап өтілді.
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Қор сыйға тартқан кітаптардың ғылыми қауымдастық пен оқырмандар үшін құнды рухани мұра екенін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.
