«Түркі мәдениеті және мұрасының амбассадоры» атағы табысталды
Қазақстан мен Өзбекстан жазушыларының халықаралық форумы аясында.
Ташкентте өткен Өзбекстан мен Қазақстан жазушыларының «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты форумында «Түркі мәдениеті және мұрасының амбассадоры» (Ambassador of the Turkic Culture and Heritage) марапаты иелерін тапты.
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тағайындаған бұл мәртебелі атақ халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, ортақ рухани құндылықтарды сақтауға және дәріптеуге үлес қосқан көрнекті қайраткерлерге берілді.
Құрметті атаққа ие болған тұлғалар:
Хайриддин Сұлтанов — Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
Мәлік Отарбаев — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
Озодбек Назарбеков — Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі;
Сирожиддин Саййид — Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы;
Мереке Құлкенов — Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.
Марапатты Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова салтанатты түрде табыс етті.
Анықтама: «Түркі мәдениеті және мұрасының амбассадоры» атағы бауырлас халықтардың рухани бірлігі мен ортақ құндылықтарын нығайтуға еңбек сиңірген тұлғаларға беріледі. Алғаш рет бұл атаққа 2025 жылы этно-фольклорлық «TURAN» ансамблі ие болған еді.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының баспасөз қызметі
