Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Түркістанға гастрольдік сапар...

Түркістанға гастрольдік сапар

07.04.2026

163

Түркістанға гастрольдік сапар - adebiportal.kz

21-25 сәуір күндері аралығында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Түркістан қаласында гастрольдік сапарын өткізеді.  Елордалық Ұлттық театр ұжымы киелі шаһарда гастрольдік сапармен өнер көрсетіп, көрермен қауымға таңдаулы қойылымдарын ұсынады. Бұл – театрсүйер жұрт үшін үлкен рухани мереке. Гастроль шымылдығы 21 сәуір күні қазақ драматургиясының жауһары – Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашылады. Терең психологиялық иірімдерге құрылған бұл туынды махаббат пен тағдыр тартысын әсерлі жеткізеді. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиева. 

Гастрольдік сапар барысында көрермендер әр жанрдағы қойылымдарды тамашалай алады. 22 сәуірде сахнада С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы ұсынылып, қазақ ән өнерінің аңызы Шәмші Қалдаяқовтың рухани әлеміне сапар жасалады.  Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Шәмші рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдайды. 

Ал 23 сәуірде Қ.Жиенбайдың «Патша көңілім, недейсің?!» комедиясы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. 

Гастроль аясында, 24 сәуір күні «Кешкі 7» спектакль-концерті де көрерменге жол тартады. Бұл - музыка мен театрды тоғыстырған ерекше форматтағы кеш. Режиссері - Бәзіл Сұлтанғазы. Спектакль-концерт театрдың «Theatre Avenue»бэндінің сүйемелдеуімен өтеді. 

Сонымен қатар, 25 сәуір күні «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» драмасы сахналанып, махаббат тақырыбына жаңа көзқарас ұсынады. Авторы – Ж.Әлікен. Режиссері – Б.Сұлтанғазы.

Гастрольдік қойылымдар Түркістан музыкалық драма театры сахнасында өтеді.  Бұл гастроль – тек өнер көрсету емес, екі театр арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, өңір көрерменін сапалы сахналық дүниелермен қауыштырудың жарқын үлгісі.

Өтетін орны: 

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Б.Саттарханов көшесі, 4

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan