Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Үйлену» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді...

28.02.2023 1349

«Үйлену» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді 14+

«Үйлену» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді - adebiportal.kz

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры наурыз айының 3,4,5 күндері сағат 18.00-де«ҮЙЛЕНУ» музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры наурыз айының 3,4,5 күндері сағат 18.00-де «ҮЙЛЕНУ» музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады. Туынды авторы - Еркін Жуасбек. Режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Жанры - музыкалық комедия. Композитор - Серікжан Әбдінұров. Қоюшы суретші - Берік Бурбаев. Хормейстер – Ержан Сансызбаев. Хореограф - Салтанат Сұңғат. Киім үлгісінің суретшісі - Шынар Елембаева. Спектакль театрдың Халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтедіДирижер - Маралжан Мырзақұлова. 

Үй болу керек, үйлену керек... Кімге? Жоғары білімді, төрт түлігі сай, тәрбиелі жігітке кімді айттырамыз? Әлде, қалыңдықтар «күйеуді» өздері айттырар... Қайсысы дұрыс? Таңдау кімге түседі..? Бірге тамашалайық, көрермен!

Спектакль ішінде қазіргі уақыттағы байлық пен мансапқа деген қызығушылық, адал­дық пен сатқындық, жақыбайлық пен іштар­лық атаулы адам болмысындағы мінез-құ­лық ерекше бейнеленіп, оқиға бойы ол сатира мен юмор арқылы өз сыба­ғасын ал­ып отыра­ды. Қойылым бойы оркестр ойнаған музыка комедияны одан сайын жан­дандырып, құл­пыртып, толықтырып оты­рады.

Актерлік құрам: І құрам:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрам Қайсанов, Лейло Бекназар, Жанқалдыбек Төленбаев, актер Дастан Әлімов, Әнуарбек Бектас, актриса Айнұр Жетпісбаева, Динара Егубаева, Диана Жолдыбек, ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Алтынгүл Серкебаева, Жасұлан Ерболат. ІІ құрам: Қазақстанның еңбек сіңіпген қайраткері Ерлан Малаев, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері Сая Тоқманғалиева, Шах-Мұрат Ордабаев, актриса Гауһар Жүсіпова, театрдың жас артистері - Бекарыс Шалқар, Біржан Жүнісов, Айдана Әбенова, Гауһар Исмаилқызы, Ситора Анварова, Бейбарыс Орман.        

Үйлену – КЕРЕК,

Бұл қажет – ДЕРЕК,

Үй болу – БӨЛЕК,

Махаббат – ЕРЕК,

Жайқалған – ЖЕЛЕК,

Сезімің – КӨМЕК,

Болсаңыз – ЗЕРЕК,

Көрермен, сізді

Күтеміз, демек!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар