Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Заман және Қаламгер». Шымкентте әдеби басқосу өт...

«Заман және Қаламгер». Шымкентте әдеби басқосу өтті

10.11.2025

2863

«Заман және Қаламгер».  Шымкентте әдеби басқосу өтті - adebiportal.kz

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында шымкенттік ақын-жазушылар мен оқырман қауымды рухани ортада тоғыстырған әдеби басқосу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қалам ұстаған азаматтардың еңбегін дәріптеу, әдебиет арқылы қоғамның рухани әлеуетін арттыру және жас ұрпақты кітап оқуға баулу. 

Кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, сөз өнерін серік еткен жандарға ізгі тілектерін арнады.

Кеш барысында Момбек Әбдіәкімұлының «Сыр шерткен өткеннен» атты естеліктер жинағы, Фатима Забурқызының «Тасжүрек» атты әңгімелер топтамасы мен Айгүл Қалтайқызының «Із» атты өлеңдер жинағы таныстырылып, тұсаукесер рәсімдері өтті.

Салтанатты жиыннан соң әдебиет пен заман тақырыбы төңірегінде өрбіген пікірталас еркін әрі шынайы өрнек тапты. Қаламгерлер бүгінгі қоғамдағы сөздің салмағы, жазушының жауапкершілігі мен жаңа заман талабындағы әдеби үрдістер жайында ой бөлісті. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы кешті жүргізіп отырды. 

Кеш соңында әдебиет әлеміне үлес қосып жүрген бірқатар ақын-жазушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan