Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жамбыл Жабаевтың өлеңдері Брайль қарпінде жарық кө...

Жамбыл Жабаевтың өлеңдері Брайль қарпінде жарық көрді

16.04.2026

44

Жамбыл Жабаевтың өлеңдері Брайль қарпінде жарық көрді - adebiportal.kz

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ерекше рухани іс-шара өтті. 

Аталған айтулы датаға сәйкес ақынның таңдамалы өлеңдерінен құралған жинақ Брайль қарпінде жарық көріп, оның салтанатты тұсаукесері ұйымдастырылды. Бұл игі бастама – көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар үшін әдеби мұраны қолжетімді етудің жарқын үлгісі. 

Енді олар Жамбыл жырларының терең мағынасын, ұлттық рух пен даналыққа толы өлеңдерін өз бетінше оқып, рухани нәр ала алады.

Жинақтың Брайль қарпіндегі нұсқасын әзірлеген – кітапхана қызметкері Ербол Бегимов. Оның еңбегі – тек кәсіби жұмыс қана емес, сонымен қатар инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. 

Бұл жоба арқылы ұлттық әдебиетіміздің інжу-маржандары жаңа форматта жаңғырып, кең аудиторияға жол тартуда.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan