Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жаңа кітаптардың көрмесі өтті...

Жаңа кітаптардың көрмесі өтті

11.01.2026

4924

Жаңа кітаптардың көрмесі өтті - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды.

Экспозиция ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оқырмандарға отандық авторлар мен жаңа басылымдарды таныстыруды мақсат етеді.

Көрме төрт бөлімнен тұрады. «Отандық әдебиет» бөлімінде отандық қаламгерлердің заманауи прозасы мен поэзиясы, қазақ әдебиеті классиктерінің қайта басылған кітаптары қойылса, «Ғылыми-танымдық еңбектер» бөлімінде тарих, этнография, өнер және әлеуметтік ғылымдар бағытындағы жаңа зерттеулер таныстырылды. 

Сондай-ақ «Аударма жобалары» бөлімінде әлемдік ғылыми және көркем әдебиеттердің қазақ тіліндегі нұсқалары, ал  «Балалар әдебиеті» қатарына иллюстрациялық кітаптар қойылған.

Көрмені кітапхана оқырмандары 10 күн бойы тамашалай алады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan