Жапон нақылдары

02.03.2026

5035

Жапон нақылдары - adebiportal.kz

Қоғамдық қатынастың алуан түрлі жағдайлары туралы ой-тұжырымдар – әлемнің барша халқына тән. Жапон халқының өмірлік тәжірибеден туған осындай ой түйерлік оралымдарын іріктеп оқырмандарға ұсынып отырмыз.

 

Ақымақ, надан адаммен тартыспа – оған ойланбастан үнсіз жол бере сал.

***

Әйел жүрегі әлденеге бір бекінсе, асқар тауды жарып, тас қамалды қақ айырып өтетін қайрат табады.

***

Жолға шыққанды бөгеме, келе жатқанды алғанды кері қайтарма: өмірдің өзі қозғалыстан тұрады.

***

Баяу болса да тоқтамай ілгері басқан қадам – шынайы жылдамдықтың өлшемі.

***

Жаманның досы болғанша, жақсының дұшпаны болған артық.

***

Қарапайым жұрт болмаса, ұлылықтың өзі тумас еді – ұлыны өсірген де, ұлықтаған да қарапайым топырақ.

***

Биікке ұмтылғысы келген жан ғана баспалдақ жасай біледі. Өрге талпынбаған ешқашан шыңға шықпайды.

 

***

Ерлі-зайыпты жандар деп бір-біріне көз бен қол бола алатын адамдардың жұбын айтады. Себебі қол ауырғанда көзден жас ағады. Көзден аққан жасты қол сүртеді.

***

Бастағы қайғы-мұңыңды жыртылған киіміңді шешкендей, үйдің табалдырығынан сыртқа лақтырып тастап кір.

***

Бұлақ-бастаулар сарқылмаған себепті де ұлы теңіздер тіршілігін жалғастырады.

***

Жақынға жолаушылаудан, алысқа ұлы сапар басталады, алыс арман жақын әрекеттен туады.

***

Ойланып шеш, шешсең – күмәннің есігін қайта қақпа.

***

Қарсыластан жарты сағат артық шыдаған жан жеңіс туын көтереді.

Наданнан асқан жау жоқ, өйткені надандықтың шегі жоқ.

***

Төсекте жатқан жан сүрінбейді, бірақ тағдыр жолында ілгері баса алмайды.

***

Әлденеге күмәндансаң – жеті рет тексер, сонда ғана көңілге тыныштық орнар.

***

Шаттық-күлкі үйірілген шаңыраққа ырыс-құт бірге қонақтайды.

***

Күлімдеген жүзге оқ кезенбес, жылы жүз – жүректің қорғаны.

***

Суық шай мен суық тағамға төзуге болар, бірақ суық көзқарас пен суық сөз жанды мұздатады.

***

Шешілетін іске бола уайым арқалама, шешілмес іске бола күйзеліп азап шекпе.

***

Бидайдың масағы пісіп жетілген сайын иіліңкі, кей адамның тұмсығы байыған сайын көтеріңкі.

***

Жақсы саудагер барын бірден жайып салмайды – асылдың бағасы астарында жатады.

***

Бір ит босқа үрсе – өзгелері де соған еріп босқа шу көтерер.

***

Өмірде бір рет қолданылар қылышты адам ғұмыр бойы беліне тағып жүреді.

***

Шамадан тыс құлпырған гүлден сапалы жеміс шықпайды.

***

Махаббатпен қарасаң, қара меңнің өзі сұлу шұңқырдай көрінеді.

***

Жақсы сөз – қыстың қақаған аязында да жүректі жылытатын тылсымға ие.

***

Бұтақтың суретін салу үшін самалдың соғуын сезе біл.

***

Қолыңнан келгеннің бәрін жаса, қалғанын тағдырдың еншісіне қалдыр.

***

Күндердің күні жапырақ батып, тас жүзетін уақыт келеді.

**

Білмегенді сұрау – бір сәттік ұят, сұрамай білгенсу – өмір бойғы ұят.

***

Шын шебердің ғана қолынан шынайы өнер туындысы шығады.

***

Соңынан еңсең тік тұру үшін, бүгіннен еңкейіп иілуді үйрен.

***

Терең өзен үнсіз ағады – ұлылықтың дауысы көбіне бәсең болады.

***

Өз қалауымен сапар шеккен жан мың шақырымды бір шақырымдай еңсереді.

***

Кісінің кісісі той-думанда, өз кісің қайғы-мұңда қасыңнан табылар.

***

Алғыс сезімін де өкпелеу сияқты ұзақ сақтай біл – сонда жүрек ауырмайды.

***

***

Жеті рет құлап, сегізінші рет тұрасың. 

***

Даналық дәрісінің дәмі ащы.

***

Озған оққа ілігеді.

***

Ақылды сұңқар тырнағын жасыруға әуес.

***

Паналасаң, үлкен ағаштың көлеңкесін панала.

***

Білмегенің – жаныңа тыныш.

***

Ақымақтықтан тек өлім ғана құтқарады.

***

Құдықтағы бақа мұхиттың шалқарлығын сезінбес.

***

Ойланып отырғаннан, істеп отырған әлдеқайда оңай.

***

Қиял шындықтан гөрі көркемірек.

***

Қисынсыздық орнаған жерде, қисын шегінеді.

***

Ауыз – апаттың бастауы.

***

Шындығында гүлден гөрі бәліш маңызды. 

***

Үш жасар баланың рухы жүз жасқа дейін сақталады.

***

Маймыл да ағаштан құлайды.

***

Сенім кетсе, бәрі кетеді.

***

Бір сәт – бір мүмкіндік.

***

Сойылмаған тиіннің терісін саудалама.

***

Тас көпір болса да, тексеріп барып өт.

***

Ертеңгі жүзден, бүгінгі елу артық.

***

Егер қыс түскен болса, онда көктем де алыста болмауы тиіс.

***

Ертең ертеңгі күннің желі соғады.

***

Аш қарын үшін дәмсіз тамақ болмайды.

***

Сиырдың құйрығы болғанша, тауықтың тұмсығы болған артық.

***

Самурай үшін өлім маңызды емес, өлімге бекіну маңызды.

***

Өзгермелі жалған дүниеден өзгермейтін нәрсені іздеме.

***

Сүйгеніңнің кемшілігін, жек көргеніңнің жақсылығын көре біл.

***

Өзгеге қарап, өзіңді түзет.

***

Сенім болса, табынатын тәңірі табылар.

***

Артық ішсең дәрі де – у.

***

Әдемі көйлек киген маймыл да әдемі.

***

Еркектің жасы – оның рухында, әйелдің жасы – бет әлпетінде.

***

Патша – қайық, халық – су: су қайықты көтеріп те жүзеді, төңкеріп те кетеді.

***

Екі ақиқат болмайды.

***

Шөл қысқан – су таңдамайды.

***

Білуші сөйлемейді, сөйлеуші білмейді.

***

Әркім өзі үшін қымбат.

***

Сан сападан қымбат.

***

Құйрығын бұлғаңдатқан итке қол көтерілмейді.

***

Жауыңды әлсіз деп қорлама, күшті деп қорықпа.

***

Шегіну қорқынышты емес, күресті жалғастырмау қорқынышты.

**

Бәрі ұмытылғанда басыңда не қалса, сол – білім.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan