Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жас қаламгерлерге Президенттік сыйлық берілді...

Жас қаламгерлерге Президенттік сыйлық берілді

24.12.2025

4202

Жас қаламгерлерге Президенттік сыйлық берілді - adebiportal.kz

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған 2025 жылғы Президенттік арнаулы сыйлық берілгендігі туралы akorda.kz хабарлайды.


«2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы

2025 жылғы 24 желтоқсан

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

  1. «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

  2. «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

  3. «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

  4. «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 23 желтоқсан

№ 1133»
 

«Әдебиет порталы» 2025 жылғы Президенттік сыйлыққа ие болған қаламгерлерді шын жүректен құттықтайды!

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan