Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жазушы , ғалым, аудармашы кітабының тұсаукесері...

16.04.2025 505

Жазушы , ғалым, аудармашы кітабының тұсаукесері 12+

Жазушы , ғалым, аудармашы кітабының тұсаукесері - adebiportal.kz

2025 жылғы 18 сәуір күні, Ұлттық кітап күніне орай Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге арналған тиімді әдістемелік құрал - ҚАЗАҚША-ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІҢ тұсаукесері өтеді. 

Авторы – Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к., ілеспе аудармашы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова.

Таныстырылған еңбек Ассамблеяның 30 жылдығы аясында жарық көріп, мемлекеттік тілдің заманауи қоғамда, еларалық қатынастарда белсенді қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Қазақ тіліндегі көркем де терең, қысқа-нұсқа мақал-мәтел, тұрақты тіркес, қанатты сөздердің (фразеологизмдердің) басқа тілдердегі мағыналық аудармасын білу саясаткерлердің, журналистердің, ғалымдардың, ұстаздардың тілдік қорын байытатыны сөзсіз.

Бұл сөздік 2006, 2011, 2016 жылдары екі тілде (қазақша-орысша) жарық көрген. Ол шығарылымдардағы тұрмыс-тіршілігімізде жиі кездесетін тіркестер мемлекеттік тілді үйренушілер үшін тиімді құрал екендігіне көз жеткізілді. Толықтырылып шығарылған жаңа нұсқада фразеологизмдердің үшінші – ағылшын тіліндегі мағынасы беріліп отыр. Сөздік заманауи кітап пайдаланушының тіл байлығын одан әрі дамытуға ықпал етіп, үш тілде еркін сөйлеуге, шешендік өнерді игеруге таптырмас құрал болып табылады. 

Әдетте, фразеологизмдерді қиюын тауып пайдалана білуінен сөз сөйлеушінің тіл байлығы, дүниетанымы, рухани әлеуеті танылады. Сөз – адамның болмысын білдіретін құралдардың бірі, ал сауатты, әсем, шешен сөйлей білу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиет. Жұртшылық білімдарлығына, іскерлігіне сүйсініп жүрген жандардың көп алдында еркін, әсерлі сөйлей алуы оның абыройын одан сайын асқақтата түседі. Тіліміздің тұнық бастауларынан нәр алғанын көрсетіп, інжу-маржандарымызды тізе отырып сөйлеген шешеннің сөзін кәрі де, жас да тамсана тыңдары, оған бұрынғыдан да тәнті болары анық. 

Ал бүгінгі заманда сол құндылықтарымызды әлем халқының басым көбі сөйлейтін ағылшын тілінде еркін жеткізу сөйлеушінің де, оның елінің де абыройын асыра түсетіні сөзсіз. Шет елдерге барып оқып жатқан ұл-қыздарымыз, елде және тыс жерде өтетін халықаралық іс-шараларда сөз сөйлейтіндер ана тіліміздегі нұсқасына сілтеме жасай отырып, мақал-мәтелдің ағылшын тіліндегі баламасын мысалға келтіруі отандасымыздың өресін көрсетіп қоймай, ұлттық құндылықтарымыздан, халқымыздың ұстанымдарынан хабар берері сөзсіз. 

Іс-шараға жазушылар, ғалымдар, ҚХА мүшелері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, аударма өнеріне қызығушылар қатысты. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығы, Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар