Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасының орынбасары Б.Сарыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы С.Досжан, ақын, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Б.Тобаяқов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, балалар жазушысы Қанат Қайым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері PhD доктор Е. Қуатбек және өзге де қонақтар қатысып, жазушының шығармашылығы төңірегінде тың деректермен бөлісті.
«Момақан қыз» – адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауға үйрететін, әсіресе жасөспірімдерге ой салатын шығарма. Шығарманың оқиғасы тартымды, тілі жеңіл. Бұл туынды жас қыздың мінезі, тәрбиесі, өмірге көзқарасы арқылы адамгершілік пен қарапайымдылықты насихаттайтын тәрбиелік мәні зор шығармалардың бірі.
