Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларын оқудан ...

Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларын оқудан байқау өтті

14.02.2026

3847

Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларын оқудан байқау өтті - adebiportal.kz

Қосшы қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының “Дайағашшы”, “Қараманнан шыққан қайыршы”, “Ауылды “ұстайтын” апа”, “Қар суымен кеткен жылқы” туындыларын оқудан байқау өтті.

Байқауға жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының өзі құрметті қонақ, әрі қазылар алқасы ретінде қатысты.

Байқаудан бөлек, кеште ақынның өлеңдері  оқылып, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Жазушының туған жерінен ұстаздары бейне құттықтау жіберіп, ақ тілектерін білдірді.

Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларының көркемдік қуатын сезініп оқыған барлық қатысушыларға орталық кітапхананың атынан кітаптар сыйға берілсе, ең жоғарғы нәтиже көрсеткен 3 оқырманға дипломдар мен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan