Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жазушы Жәди Шәкеннің жаңа кітабы...

Жазушы Жәди Шәкеннің жаңа кітабы

29.09.2025

810

Жазушы Жәди Шәкеннің жаңа кітабы - adebiportal.kz

Жазушы Жәди Шәкенұлының жаңа кітабы жарық көрді.


Қазақ әдебиеті тағы бір романмен толықты. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхансының Конституция залында белгілі жазушы Жәди Шәкенұлының «Қан кешкен ханзадалар» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітапқа Шығыс Түрік қағанатының Тұғырылхан ордасынан аман қалған Тайбұға атты баланың қиын-қыстау тағдыры арқау болған. Тайбұға атты бала жолында кездескен сан түрлі қиындықтарды жеңе отырып, соңына ерген халқымен бірге Сібірде өз хандығын құрады. Тарихта аз-кем айтылатын Тайбұға хандығы туралы мәліметтерді кеңінен пайдалана отырып, жазушы оқиғаларды шеберлікпен қиыстырады. 


Сонау Шыңғыс қаған заманынан бастау алған, Монғол үстіртіндегі көшпелі тайпалардың Еуразияны шарлай көктеген ұлы қоныс аударулары нәтижесінде қалыптасқан хандықтардың тарихын, атап айтқанда Қазақ хандығын билеген Тәуекел мен Рязаньға аттанған Ораз-Мұхаммедке дейінгі, Кентай-Қаңғай тауларында билік құрған Тұғырыл ханнан олардың кейінгі ұрпағы Тайбұға-Сейдақтарға дейінгі буынның қанкешу жорық жолдары туралы кітаптың көлемі де аз емес.  


Жазушы Шәди Шәкен - ізденімпаз, өнімді жазып келе жатқан қаламгер. Әсіресе оның «Қаралы көш» романы оқырман тарапынан жақсы бағаланған болатын. Жазушы осы кітапты жазу үшін романның оқиғасы өтетін жерлерді көзбен көріп  шыққан екен. Және осыған орай монғол, жоңғар деген атаулардың және осы халықтардың бізге де жат еместігін, олардың түркілермен түбі бір туыстығын ескеру қажет дейді.


Жәди Шәкенұлының жаңа кітабының тұсаукесеріне ҚР Жазушылар одағының Астана филиалы директоры Бауыржан Бабажанұлы бастаған қаламгер қауым өкілдері,  ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты. “Әдебиет порталы” алдағы күндері аталған кітап туралы көлемді талдау мақала ұсынатын болады. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan