Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының жыл сайынғы дәстүрі бойынша әдеби жыл қорытындысы өтті. Жиналысқа негізінен Алматы қаласында тұратын одақ мүшелері, әр өңірдегі одақ филиалдарының басшылары, басқарма мүшелері қатысты.
Әдеби жыл қортындысына арналған жиналысты Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет арнайы сөз сөйлеп ашып, қаламгерлерге сәттілік тіледі.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып жүргізді. Жыл қортындысы аясында белгілі ақындар, жазушылар, сыншылар әр жанр бойынша ғылыми-танымдық баяндамалар жасады.
Жазушылар Одағының әдеби жыл қортындысы отырысында белгілі қаламгерлерге «Қазақстанның құрметті жазушысы», Халқаралық «Алаш» әдеби сыйлығы сынды марапаттар табыс етілді. Айталық белгілі қаламгерлер Төкен Әлжантегі, Бақытбек Бәмішұлы, Бағдат Мүбәрак, Маржан Ершу, Рахат Қосбармақ, Мұхтар Шерім, Зария Жұманова, Мейірхан Ақдәулетұлы қатарлы бірнеше қалам иелері «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.
Жыл қортындысы аясында жасалған баяндамалар «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көретін болады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.