Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі жалғасуда...

20.08.2025 912

Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі жалғасуда 12+

Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі жалғасуда - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» өзінің екінші күнін жалғастырды.

«Бүгін жас қаламгерлерге белгілі ғалымдар дәріс оқып, терең ғылыми ойларымен бөлісті» деп хабарлайды Қазақстан Жазушылар одағы сайты.

Жеңіс Жомарт Жеңісұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Бас директорының халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, жас әдебиетшілерге қоғам мен тарихтың байланысы туралы кең көлемді ой-толғау жасады.

Ғалымның дәрісі мына тақырыптарды қамтыды:

- қазіргі қазақ қоғамы және тарихи таным;

- тарихи ақиқаттар, ұлттық-мемлекеттік идеология және әдебиет;

- ұлт тарихы – ұлт бірлігінің іргетасы.

Ол өз сөзінде тарихи сананы қалыптастырудың әдебиетпен тығыз байланысына тоқталып, «шығармашылық арқылы тарихты тану – жас ұрпақ үшін ең қажетті құндылықтардың бірі» екенін атап өтті.

Келесі кезекте филолог ғалым, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың иегері Анар Мұратқызы Фазылжан жас қаламгерлерге «Көркем әдебиет пен көсемсөздегі экспрессивті лексика» тақырыбында дәріс оқыды.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен бұл дәрісте ғалым қазақ тіліндегі көркемдік қуатты арттыратын сөз қолданыстардың мән-маңызына тоқталып, экспрессивті лексиканың әдебиет пен көсемсөздегі ерекшелігін нақты мысалдармен түсіндірді.

Шеберлік мектебінің қатысушылары ғылым мен әдебиеттің тоғысқан тұстарын терең меңгеріп, ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік алды.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар