2026 жылғы 9 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы өтті.
Бұл жиын – қазақ әдеби кеңістігіндегі жыл сайынғы маңызды оқиғалардың бірі ретінде әдеби процестің бағыт-бағдарын саралап, өткен кезеңнің нәтижесін қорытындылауға арналған алаң.

Жиында қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары, жас қаламгерлерді қолдау, кітап шығару сапасы мен таралымы, қаламақы жүйесі, сондай-ақ әдебиетті халықаралық деңгейге шығару мәселелері көтерілген. Бұл бағыттар соңғы жылдары әдеби ортада тұрақты талқыланып келе жатқан негізгі проблемалар екенін көруге болады. Демек, әдеби жыл қорытындысы жаңа мәселелерден гөрі, бұрыннан қордаланған сұрақтарды тағы бір мәрте ортаға салған жиын ретінде көрінді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі ақпараттар жиын барысында есімі оқырманға жақсы таныс, таныс емес бірқатар қаламгерлердің халықаралық «Алаш» және жаңадан тағайындалған «Ертөстік» әдеби сыйлықтарымен марапатталғанын, әдеби қауым өкілдерінің пікір алмасқанын көрсетеді.

Кеше Алматыда аспаннан жаңбыр ғана сыйлық та жауған күн болды. Сонымен, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері атанғандар тізіміне көз жүгіртейік:
Асылбекова Жаңылхан – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Әбілқайыр Қанағат – «Періштелер жоқ жерде» хикаят және әңгімелер жинағы үшін
Болатханова Баян – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Баят Ерболат – «Дүние. Ой. Сөз» кітабы үшін
Дүйсенбиев Сәбит – «Қағаз қайық» әңгіме, ертегі, повестер жинағы үшін
Дәбей Ырысбек – «Тұманды қараша. Ай сонатасы» кітабы үшін
Жақиянова Алтыншаш – «Бәсіре-жыр» балаларға арналған өлеңдер мен поэма жинағы үшін
Қыстаубаев Захардин – «Тұман» романы үшін
Қайранбай Жұмабай – «Қайдасың, Хантәңірі» хикаяттар мен әңгімелер жинағы үшін
Қалмағанбетов Бижан – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Қыдырәлі Дархан – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Мырзабеков Батырбек – 10 томдық шығармалар жинағы үшін
Мәжит Акбар – қазақ-қытай әдеби байланысын дамытуға қосқан үлесі үшін
Мауыт Нұрымжан – «Той көйлек» кітабы үшін
Мәлік Мақсат – «Абыл мен Қабыл» романы үшін
Нұғыман Серік – «Асыл қиқым» әңгімелер жинағы үшін
Сейітқамзаұлы Сламқат – «Ақтүбек айрықтары» өлеңдер жинағы үшін
Сәнік Қанат – әдебиетке сіңірген еңбегі үшін
Садықова Айнагүл – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Сәулебек Айтбай – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Тұрғараев Бекет – әдебиетке сіңірген еңбегі үшін
Тастекеев Дулат – әдебиетке сіңірген еңбегі үшін
Тохтияров Иминжан – «Һәй, һәй, заман» кітабы үшін
Тамендаров Фархат – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Халиолла Бауыржан – «Жүрегімдегі жазулар» жыр жинағы үшін
Шәмшиева Гүлнәр – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
Шамшидинова Анар – «Сен келерсің бір күні...» жыр жинағы үшін
Шайхыұлы Ермахан – «Мақал – сөздің сақалы» жинағы үшін
Ізмұхамбетов Бақтықожа – «Айтарым бар...» кітабы үшін
Рақыш Айзат – «Оянған аңыз» хикаяттар мен әңгімелер жинағы үшін
Биыл бірінші рет «Балалар әдебиеті» сыйлығы тағайындалыпты. Халықаралық «Ер Төстік» әдеби сыйлығының лауреаттары тізімі:
- Айғалиұлы Ертай – «Алтын қаланың құпиясы» хикаяттар мен әңгімелер жинағы үшін
- Ахметов Дәнеш – «Таң арайы» әңгіме, ертегі, повестер жинағы үшін
- Бестібаев Қайрат – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
- Белдеубай Дағжан – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
- Ғұбайдуллин Бауыржан – «Жиһангез» Ақкербез» кітабы үшін
- Дәулетов Болат – «Көңілдің біржапырақ парақтары» кітабы үшін
- Жоланов Сайлаухан – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
- Жұматов Ғалымбек – «Ала көжек» повестер жинағы үшін
- Жылмағанбетов Шымкентбай – әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
- Қасен Гүлбақыт–әдебиетті насихаттауға қосқан үлесі үшін
- Мәсимов Авут – «Айқашқа» повесі үшін
- Садуақасұлы Сәли – «Отынбай мен Шекпен қыз» кітабы үшін
Тікебаева Бүбішхан – «Бүлдіргеннің сабағы» кітабы үшін
«Қазақстанның Құрметті жазушысы» марапатының иегерлері атанған қаламгерлер:
Акматалиев Абдылдажан
Азанбайұлы Талапбек
Жалилов Илахун
Исақов Сарманбай
Карин Тынымбай
Қазыбек Мұхтар
Қаршалов Бекшүкір
Қаңтарбаев Әлібек
Юхма Михаил
Алқалы жиында «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған үздік шығарма авторлары марапатталып, бір топ қаламгер Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды. Түстен кейінгі отырыста Жоғары оқу орындарымен, академиялармен және кітапханалармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Бұдан соң әр жанр бойынша мазмұнды баяндамалар жасалып әдебиеттің көкейтесті мәселелері жан-жақты талқыланды. Әдебиет кеңестері бойынша жасалған баяндамалар тізімі: «Бүгінгі қазақ прозасы жайлы сөз» («Проза» кеңесі) Баяндамашы: Серік Елікбай – жазушы, әдебиеттанушы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры;

«2025 жылғы қазақ поэзиясы: табысы мен қалысы» («Поэзия» кеңесі). Баяндамашы: Болат Шарахымбай – ақын, әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Халықаралық Махамбет атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы
«Толағай, Дингоның күшігі Джимми және тағы басқалары» («Балалар әдебиеті» кеңесі). Баяндамашы: Асылан Тілеген – ақын, «Ұлан»
газетінде бас редактордың орын басары;
«Қазақ әдебиеті және әдеби сынның мәртебесі» («Сын» кеңесі). Баяндамашы: Алмасбек Мәуленов – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жамбыл атындағы филология ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымының докторы;
« Әдеби аударма – әлемдік байланысқа ашылған есік» («Аударма» кеңесі). Баяндамашы: Дәулетбек Байтұрсынұлы – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қырғыздың «Молда Бағыш» атындағы және халықаралық «Ильһам» сыйлығының иегері;
«Шетелдегі қазақ әдебиетінің 2025 жылғы жетістіктері» («Шетелдегі
қазақ әдебиеті» кеңесі). Баяндамашы: Сламқат Сейітқамза – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі;
«Сатира: жаңа дәуір талаптары» («Сатира» кеңесі). Баяндамашы: Олжас Қасым – Ақын, журналист, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының және «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері;
«Деректі проза – болашақ тарих» («Деректі проза» кеңесі). Баяндамашы: Абай Мауқараұлы – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
«Жас прозаиктердің ізденісі мен машығы» («Жастар прозасы» бойынша). Баяндамашы: Әлішер Рахат – жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
«Поэзия жасқа қарай ма?» («Жастар поэзиясы» бойынша). Баяндамашы: Ерғали Бақаш – ақын, «Балдырған» журналының Бас редакторы;
«Литература в аспекте межкультурно го взаимодействия» («Орыс әдебиеті» кеңесі). Баяндамашы: Светлана Ананьева – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты;
«Отандық драматургияның бүгіні мен келешегі кең ауқымды қамтуы тиіс» («Драматургия» кеңесі). Баяндамашы: Жақсылық Мұратбек – жазушы- драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
«Детектив жанры және азаматтардың хұқықтық тәрбиесі» (Фантастика, детектив, шытырман оқиға кеңесі). Баяндамашы: Ахметов Темірболат – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі;
«Ұлттық әдебиетімізге шолу» (Ұйғыр әдебиеті кеңесі). Баяндамашы: Шавкат Назаров – жазушы-сатирик, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы 10 сәуір күні жанрлық секциялар аясында жалғасады. Әр жанр бойынша ұйымдастырылған секцияларда өзекті мәселелер талқыланады. Филиал директорлары мен өкілдердің есебі, жылдық жоспары талқыланады.

Жалпы жиындағы жарыссөз әдеби менеджмент мәселесін қайта алға шығарады. Жазушылар одағы сияқты институционалдық құрылымдар осы жүйенің үйлестірушісі болуы тиіс. Алайда бүгінгі жағдайда әдеби өнім бар болғанымен, оны қоғамға жеткізу, жүйелеу және талдау тетіктері әлсіз күйде қалып отыр. Цифрлық дәуірде әдебиеттің өмір сүру формасы өзгерді. Енді әдеби оқиға тек үлкен зал ішінде өтетін жиын емес, ол – онлайн кеңістікте өмір сүретін мәдени құбылыс. Сондықтан әдеби жыл қорытындысы да жаңа форматты талап етеді: ашық есеп, визуалды контент, деректерге негізделген талдау, кең аудиторияға бағытталған коммуникация. Шығармашылық одақ басшылығы осыны алдағы уақытта ескеруі тиіс.
Фтосуреттер ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан алынды.
