Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай  халықаралық...

Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай  халықаралық  әдеби  байқау  жарияланады

28.07.2025

1465

Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай   халықаралық  әдеби  байқау  жарияланады - adebiportal.kz

 

Жазушы, этнограф-ғалым  Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай  этнографиялық  шығармаларға халықаралық  әдеби  байқау  жарияланады 

 

Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі этнографиялық әңгімелер мен өлеңдерге конкурс жариялау арқылы қаламгерлерге қолдау көрсету.

 Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры  өткізеді. 

     Халықаралық  байқауды өткізу мерзімі:

 •    Өтінімдерді қабылдау   2025 жылдың 30 тамызына дейін;

• 2025 жылы қазан айында өтетін Зейнолла  Сәніктің  90 жылдығына арналған  салтанатты кеште марапатталады.

     Байқау  шарттары:

Байқауға Қазақстандағы жазушылар мен ақындар, шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды.

Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;

Шығармалар  қазақ, орыс тілінде қабылданады;

Әңгіме желісінде ұлтымыздың этнографиясы қамтылуы міндетті;

жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;

 қолжазбалар Zeinollasanik@mail.ru электронды поштада қабылданады. 

Байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді. 

Байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген еңбектер жеке кітап болып басылып шығады. 

 

        Марапаттау:

Ең үздік деп танылған шығарма авторлары «Зейнолла Сәнік атындағы сыйлықтың иегері » марапаты мен   қаржылай сыйлыққа  ие болады.

Бірінші орын(екеу)  - 1,5 миллион теңгеден.

Екінші орын(екеу ) - 1 миллион теңге.

Үшінші орын(екеу )- 500 мың теңгеден

Ынталандыру сыйлығы(үшеу) - 300 мың теңгеден.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan