Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді...

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

30.04.2026

34

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді - adebiportal.kz

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл және ақынның туған жері Райымбек ауданының (Нарынқол) құрылғанына 90 жыл толуына орай Райымбек ауданының әкімдігі мен «Мұқағали» журналының редакциясы  бірлесе отырып «Жетісудың жерұйығы – Нарынқол» деген атпен республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраның мақсаты:

Жыр бәйгенің негізгі мақсаты – жер жаннаты саналатын Жетісу өлкесінің ең шұрайлы, табиғаты тамаша Нарынқол өлкесін, бауырынан талай тарландар ұшып шыққан Хантәңірі шыңының баурайындағы аспантаулар әлемін жырға қосып, ел мен жердің қасиетін дәріптеп, бүгінгі ұрпақтың бойына патриоттық ұлы сезімді ұялату. Кезінде бұл жерлерді дүлділ ақын Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» толғауында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Атамекен» поэмасында жеріне жеткізе жырласа, осы сұлу табиғатты көзімен көрген басқа да ақындар тамсана жыр жазды.

Бұл жолы да жыр додасына қатысқысы келетін ақындарға осындай талаптар қойылады. «Мұқағалидың 95 жылдығы ғой деп», таза Мұқағалиға арналып жазылған жырлар есепке алынбайды. Жырлар ақын емес, ақынның кіндік қаны тамған жер, өлке жайлы жазылғаны жөн.

Мүшәйраның шарттары:

1.Мүшәйраға қатысқысы келетіндердің жасына шектеу қойылмайды.

2.Байқауға тек бір өлеңмен қатысуға болады. Жіберілген өлең екі беттен аспауы керек.

3.Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған жырлар ғана қатыса алады.

4.Бәйге шартына сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасының талқысына ұсынылмайды.

4.Жүлде қоры өзгертілмейді.

5.Өлеңдер электрондық нұсқада Microsoft Wjrd форматында (14-шрифт, жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен ұсынылуы қажет.

6.Мүшәйраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, байланыс нөмірін, өзінің толық аты-жөнін, мекен-жайын  mukagalijurnali@mail.ru эл. поштасына жіберуі керек.

7.Бәйгеге жіберілген шығармалар маусым айының 10-ына дейін ғана қабылданады.

8.Жүлде алған шығармалардың авторлары осы жылғы шілде айының бірінші окүндігінде өтетін мерейтой кезінде марапатталады.

9.Жүлдегерлер баратын жердің жол шығынын өздері көтереді.

10.Қазылар алқасы белгілі әдебиетшілер мен ақындардан құралады. Қазылар алқасы мүшелерінің аты-жөні жария етілмейді.

11.Мүшәйраға қатысқан ақындардың жырлары алдағы уақытта жеке жыр жинағы етіп шығару мүмкіндігі қарастырылуда.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Райымбек батыр атындағы Бас бәйге – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

Мұқағали атындағы Бірінші орын біреу – 700 000 (жеті жүз мың) теңге; 

Сағат Әшімбаев атындағы Екінші орын біреу – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

Оразалы Досбосынов атындағы Үшінші орын біреу – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

Үш ақынға ынталандыру жүлделері – әрқайсысы 150 мың теңгеден.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan