Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҚСЫНЫҢ КӨЗІ
Жанболат Аупбаев. «Көгілдір таулар» кітабындағы ке...

15.07.2019 6550

Жанболат Аупбаев. «Көгілдір таулар» кітабындағы кейіпкер аты 12+

Жанболат Аупбаев. «Көгілдір таулар» кітабындағы кейіпкер аты - adebiportal.kz

12+

Асқар Әнуарұлы ӘЛІМЖАНОВ

Жазушы, қоғам қайраткері Əнуар Түрлыбекұлы Əлімжановты аға, орта буын өкілдерінің өте жақсы білетініне шүбəміз жоқ. Иə, ол өте еңбекқор, терең ойлы, мəдениетті əрі табанды творчество иесі болатын. Оған əманда бауырмалдық, қайырымдылық пен қарапайымдылық тəн еді. Өмірінің көп бөлігін сол кездегі республика, одақ көлеміндегі қогамдық-саяси істерге қызу араласуға, Қазақстан Жазушылар одағының жұмысын Азия, Африка жəне Латын Америкасы еддері шығармашылық ассоциацияларымен тығыз байланыс орнатуға жұмсаған ол жоғарыдағыдай сан алуан ұйымдастырушылық қызметтің ара-арасында өзінің жеке творчествосына да уақыт таба білді. Соның нəтижесінде Əнекеңнің қаламынан “Күнге бет алған керуен”, “Көгілдір таулар”, “Отырардан жеткен сый”, “Қарасұқар көпірі” атты повестер мен “Махамбеттің жебесі”, “Жаушы”, “Ұстаздың оралуы” секілді романдары өмірге келіп, оқырмандардан жақсы баға алды. Ал, оның публицистикалық мұрасы мүлде басқа əңгіменің арқауы. Өңінен үнемі жылылықтың лебі есіп, жүрегінен нұр себезгілеп түратын Əнуар ағаны еске алып түру біздің борышымыз əрі міндетіміз. Таза адамгершілік тұрғысындағы осы парыздан келіп туған оймен жазушының ұлы, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің қызметкері Асқар Əлімжановты əңгімеге тартқан едік.

– Əкейдің бойындағы қарапайымдылық, табандылық дейсіз бе? – деді Асқар біздің алғашқы сұрағымызға ойлана тіл қатып. – Оның түп қазығы бала кезіндегі қиын тағдырында жатқан сияқгы. Here десеңіз ол кісі бір жасында анасынан, ал 11 жасқа келгенде əкесінен айырылған тұл жетім.

Атамыз Тұрлыбектің мамандығы телеграфист екен. Жалғыз баласының жағдайын ойлаған ол ешкімге үйленбейді. Сөйтіп, ауылдағы пошта бөлімшесін басқарып жүргенде халық жауы деген жалаға үшырап, Сібірге айдалады. Ол жерде құлаған қарағайдың астында қалып көзіне зақым келген соң елге қайтарылады да, 1941 жылы бақилыққа аттанады. Ойлап қараңызшы, шыққан жері, өскен ортасы осындай отбасыдан бастау алса, көзін тырнап ашқаннан бастап көргені қиыншылықтан тұрса, ол қарапайым, ол табанды болмай сонда кім болады?

Әнуар Әлімжанов пен Сағымбай Қозыбаев

– Болашақ жазушының Алматыға келіп, жоғары оқу орнына түскенге дейінгі өмірінің өзі жатқан бір “Одиссей оқиғасы” дейді оны білетін адамдар...

– Иə, 12 жасында ол Жетісу өлкесіндегі Екпінді деген қазақ ауылынан Ресейдің бір қиырындағы Сталинск қаласына ФЗО-ға оқуға жіберіледі. Онда оң-солын əлі танып үлгермеген жеткіншек кілең ұры-қары, бұзақы топтың ортасына түседі де өзінің жаны сірілігінің арқасында аман қалады. Одан туған жеріне қайтып келіп, 14 жастағы жасөспірім Қарлығаш ауылында су тасушы, есепші, жүк түсіруші болып еңбек етеді. Əкем, 1949 жылы Алматыға келіп ҚазМУ-ге оқуға түскенде де шекесі онша шылқып жүрмеген сияқты. Оны ол кісінің архивіндегі “Анкета” деп аталатын қағаздың екінші бетіндегі: “1949-1954 жылдары мен Қазақ университетінің студенті бола жүріп, осы оқу орнындағы баспахананың əріп терушісі əрі от жағушы – кочегары болып жұмыс істедім”, – деген сөзі анық дəлелдейді.

– Əңгіме ҚазМУ, оның студенті Əнуар Əлімжанов жөніне қарай ойыса бастады ғой... Осыны пайдаланып, соңғы кездері айтылып жүрген бір деректің анық-қанығына көз жеткізсек деген ой бар. Ол ұлы Мүхтар Əуезовтің басына қиын іс түскенде жап-жас Əнуар ағамыздың көмекке келіп, ұстазының Мəскеуге аман-есен жетуіне қол үшын бергендігі туралы əңгіме. Осы оқиға жөнінде не білесің? Бүл туралы Əнекең өзіңе ештеңе айтқан жоқ па?

– Айтты. Оны мен əкемнің аузынан 1987 жылы естідім. Бүл Мұхтар Əуезовтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңы еді. Арада 7-8 жыл өткен соң осы дерек баспасөз беттеріне шыға бастады. 1997 жылы кинорежисер Сергей Азимов “Мұхтар Əуезов” атты деректі кино жасады. Жоғарыдағы жəйт міне, сол фильмде егжей-тегжейлі айтылғаны бар. Өз басым бүл əңгімеге Əбекең, Əбіш Кекілбаев нақты нүкте қойды-ау деп ойлаймын. Бəріңіз жақсы білесіз, ол кісі Кеңсайдағы зират басында əкем туралы сөйлеген сөзінде былай деді емес пе: “Қылқандай бозбала басыңызбен қылтұзаққа түскелі түрған ұстазыңыз Əуезовті құрық жетпеске аттандырып, құтқарып жіберген кезіңізден бермен қарай қазақ жұртының аяулы азаматы басына күн, тағдырына сын түскен қай тұс, қай сағатта да Сіздің жанайқайыңыз алдымен естілді”. Демек, жоғарыдағы жайт кезінде шын болған оқиға. Оған енді шүбəланудың қажеті жоқ сияқгы.

Әнуар Әлімжанов, Сәбит Мұқанов, Роза Бағланова, Олжас Сүлейменов

– Біз осы күні журналист Əлімжанов, жазушы Əлімжанов əлемнің алты құрлығының бесеуін түгел аралаған тұңғыш қазақ қаламгері деп жиі айтамыз. Сонда ол кісі қанша мемлекетте болды деп ойлауға болады? Бүл жөнінде нақты деректер бар ма?

– Əкей өзі өмір сүрген 63 жылдық ғұмыры ішінде 32 елде болған жан. Оны ол кісінің шетелге шығатын төлқұжатындағы виза белгілері толық дəлелдей алады. Əкемнің тұңғыш сапары 1959 жылы Австрияға барудан басталған екен. Содан кейін аталмыш құжатта Ангола, Болгария, Бангладеш, Венгрия, Греция, ГДР, Гвинея, Италия, Үндістан, Ирак, Иран түр. Ал одан соң Корея, Куба, Конго, Ливан, Марокко, Моңғолия, Сирия, АҚШ, Сенегал , Түркия, Тунис, Чехославакия, Англия, Австралия деп тізіліп кете береді. Ең соңғы сапары 1991 жылы Жапонияға барумен аяқталыпты.

– Кім де болмасын өзінің əкесінен үлгі алады, отағасының жақсы істерін көрсе баласы оны мақтан тұтады. Осындай жағдайлар өз басыңда болды ма? Болса ол нендей жəйтке байланысты деп ойлайсың?

– 1986 жылдың желтоқсаны есіме түседі. Сол кезде көптеген қайраткерлер “бұзақы жастардың ұлтшылдығын” айыптайтын шимай-шатпақтарын жазуға кірісіп кетті емес пе. Менің əкеме де Орталық Комитеттің насихат жəне үгіт бөлімінің тұмшаланған түпкірінде дүниеге келген сондай “туындылардың” бірінің аяғына қол қоюды ұсынған. Ол өзге де көптеген адамдар сияқты бұдан бас тартты. Есесіне оның “Литературная газетадағы” мақаласынан кейін үйімізге беймəлім біреулер телефон шалып, қорқытып, үркіте бастады. Осыдан соң телефон нөмірін өзгертуімізге тура келді.

Ал, 1991 жылғы 19 тамызда барлық телерадио арналары классикалық музыка ойнатып тұрғанда ол “Таң” бейресми каналы арқылы эфирге шығып, орын алған оқиға шындығын елге алғашқылардың бірі болып жайып салды. Ол əрдайым ақиқатқа жүгінетін. Сол қасиетімен нағыз адам болып қалды. Ол қашанда шындықты айтатын. Ешқашан, ешкімнің алдында мүлəйімсіген емес. Сол арқылы өзінің арына дақ түсірмей өтті. Егер бірдеңе жасаса, оны шынайы, жан жүрегімен беріліп жасайтын. Жəне де ең бастысы, ол ешқашан, ешкімге тəуелді болған емес. Мен əкеме ең алдымен маған өзі сияқгы тəуелсіз болуды үйреткені үшін ризамын. Соған мақтанамын.

Асқар Әнуарұлы ӘЛІМЖАНОВ

– Əңгімеміздің соңында жұрттың жазушы Əнуар Əлімжанов ұрпақтарының қалай өмір сүріп жатқандарын білгісі келетінін жеткізгім келеді. Содан кейін.., иə... содан кейін Əнекеңнің творчестволық мұрасы жөнінде, оны жарыққа шығару жайы қалай екендігі туралы айта кетсең...

– Біз əкемізден үшеуміз. Үлкеніміз Раушан – микробиолог. Одан кейінгі Динара – аудармашы. Мен ҚазМУ-ды бітіргенмін, мамандығым – журналист.

Əкеміз қайтыс болғаннан кейін кімнің-кім екенін анық білгендейміз. Кейбір жандар бізге ризашылықпен қарайды. Жақсы сөздер айтып, жігерлендіреді. Екінші бір адамдар əкемнің көзі кетісімен менің берген сəлемімді де алмайтын болды. Мен бұған тіпті де өкінбеймін. Тəңір жарылқасын, оларға біз кіріптар емеспіз ғой. Əкеміздің ескерткішін өзіміз отбасымыз болып жабылып көтердік. Талдықорған облысының əкімдігі көмектесті, онысына рахмет! Əкемнің “Познание” деп аталатын соңғы кітабын да өзіміз тырбанып шығардық. Енді міне, ұлым Алдиярды, бір кезде əкей мені қалай тəрбиелесе, оны да солай тəрбиелеуге ұмтылып жатырмыз.

Әнуар Әлімжанов

Осындай əкем болғанын мақтан етемін. Қандай жағдайда да ыңғайға бейімделіп, құбылмағанына қуанамын. Сөзімнің де, өзімнің де салмағымды жоғалтып аламын деп қауіптенбей-ақ айтайын: ол мен үшін ұлы адамгершіліктің идеалы болған жəне солай болып қала бермек.

2001 жыл.

Авторлық анықтама. Асқар Əнуарұлы Əлімжанов өзі туып-өскен Алматы қаласында жұмыс істеп, тұрып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар