Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

14.01.2019 2419

Ақынға

Негізгі тіл: Поэту

Бастапқы авторы: Н.Ф.Щербина

Аударма авторы: Гулнар Умирбек

Дата: 14.01.2019

 Тағдырдан тыным сұрама,

Шарқ ұрып та бақыт іздеме.

Бейбіт күн сұра, күрес сұра да,

 Жылумен шайқассын мұз деген.

Қарсылық тудырған тілектер,

Түрегелер сонда тереңнен.

 Рухтанып оянған жүректер,

 Маржанды тізер өлеңмен,

 Жақсылыққа қарсы жамандық тағдырдың ісі ,

аңық бұл,

Жамандықты жеңу үшін де жақсылық жолын

Жарық қыл!

 Қаһарлы қыста өмірдің сәулесі  жылытып

бойыңды

  Аяздың сілкіп әуресін, жібітер сезім

ойыңды.

  Ойыңнан  өнер туындап, өскіндер жасын дүркіреп,

  Биіктерсің сонда баршадан  көктемгі  күндей күркіреп!

Көп оқылғандар