Секен Тұрысбеков пен "Ақ жауын" оркестрінің музыкалық кеші өтті
Бөлісу:
«Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты музыкалық кеші өтті», - деп хабарлайды «Семей таңы» газеті.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар аясында көрнекті күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің қатысуымен «Абай жолы» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды.

Оның күйлері арқылы қазақ халқының болмысы, табиғатқа, өмірге, адамға деген көзқарасы саз тілімен өрнектелді.

Қала тұрғындары мен қонақтары, өнерсүйер қауым кешке көптеп жиналып, залға лық толған көрермен қазақтың дәстүрлі өнерін ерекше ықыласпен қабылдап, шынайы ризашылықтарын білдірді.

«Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі дәстүрлі саз өнері мен заманауи классиканы шебер ұштастырып, Абай шығармаларына арналған музыкалық интерпретацияларды жоғары деңгейде ұсынды. Оркестр орындауындағы әрбір шығарма көрерменге терең ой салып, әсерлі әуендерімен тыңдаушының жүрегінде ерекше із қалдырды.
Фотосуреттер Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қорынан алынды.
Бөлісу:
Көп оқылғандар
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Тарыдай болып кіресің...
«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде
Ертегілер – көркем ойдың бесік жыры
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Нұрбек Нұржанұлы. Қаһарман құмырсқалар (хикаят)
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Конституция және қазақ қаламгерлері
СӨЗ ҚАЗЫҒЫ – «БӘДУӘМ!»
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Сен ішкен у – әбілхаят сусыны...»
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат