«Адамзаттың Абайы» атты республикалық айтыс өтеді

Бөлісу:

05.08.2025 556

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы өтеді. 

Айтыстың ұйымдастырылуы жайлы баспасөз мәслихаты басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін он екі айтыскердің төртеуі Абай облысынан қатысады.

Республикалық айтысқа қатысушылар қатарында: Рүстем Қайыртай (Алматы қаласы),  Әсем Ереже (Астана қаласы), Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы), Айбек Жеңісқазин (Абай облысы), Абай Жолмағамбетов (Маңғыстау облысы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы), Мақсат Ақанов (Қарағанды облысы), Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы), Өміржан Көпбосынов (Ұлытау облысы), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы), Қуандық Кенжебекұлы (Абай облысы (Семей қаласы) бар. Ақындар айтысы 8 тамызда 10-18 сағат аралығында Семей қаласындағы Абай театрында өтеді.

Айтыстың жүлде қоры да қомақты. Бас жүлдеге ие болған айтыскер ақынға жеңіл автокөліктің кілті тапсырылады.

Сондай-ақ бірінші орын иегеріне 3 миллион теңге, екінші орын алған екі ақынның әрқайсысына 1,5 миллион теңгеден, ал үшінші орын иеленген екі ақынға 1 миллион теңге бұйырмақ. Өзге қатысушылардың барлығына  бес жүз мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілмек екен.

Бөлісу:

Көп оқылғандар