Түркия Жазушылар Одағы Абайдың 180 жылдық мерейтойымен құттықтады
Бөлісу:
Түркия Жазушылар Одағының Бас хатшысы, ТҮРКСОЙ Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мұса Казым Арджан, Қазақстан Жазушылар Одағына Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы хат жолдады.

Құттықтау хатында «Абай Құнанбай – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің рухани кеңістігінде ерекше орын алатын дара тұлға. Ол екі ұлт арасындағы мәдени байланысты тереңдетіп, ортақ болашаққа бастайтын жолға бағыт сілтеген ұлы ойшыл. Абай – жай ғана ақын немесе ойшыл ғана емес, елінің тағдырына алаңдаған, қоғамдық түйткілдерге шешім іздеген, сол жолда қалам тербеген нағыз ұлт көшбасшысы… Біз, Түркия жазушылары, Абай шығармашылығын терең бағалап, оның рухани мұрасын танып-білуге ұмтыламыз. Бүгінде Түркиядағы түрлі университеттер мен мәдени орталықтарда Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған симпозиумдар, конференциялар, еске алу шаралары ұйымдастырылып келеді. Бұл игі бастамалар – Абайдың кемел ойларын жас ұрпаққа жеткізудің, оны терең ұғынудың жарқын жолы… Абай – күллі Түркі дүниесі үшін ортақ рухани шамшырақ. Оның мол мұрасы – бізге бағыт-бағдар көрсететін, келешекке жетелейтін темірқазық. Ұлы данышпанды шексіз құрметпен, зор ризашылықпен еске аламыз» делінген.
Бөлісу: