Совет-Хан Ғаббасов: «Абыз дала аңызына» пікір

Бөлісу:

19.12.2015 3889

габбаов.jpg


«Әдебиет порталы» белгілі жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Абыз дала аңызы» атты хикаятына жазылған жазушы, фантаст, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Совет-Хан Ғаббасовтың пікірін назарларыңызға ұсынады.


Бұл хикаяны "Әдебиет порталынан" жіберіп, авторын жасырын ұстап... менің осы шығарма жайындағы пікірімді, қысқаша ғана жазып беруімді өтініпті. Сұрағандарына келістім... Шығарманы бастап оқи бастағаннан-ақ қызықтырғаны, оның тарихи деректерге құрылғандығы болды. Өйткені, біздің тарихымыз жүйленбеген де... нақтыланбаған халықпыз ғой. Бүгінге дейін - "әрбір тарихи деректертің өзі... сан-қилы пікірлермен дауға айналып жүргені" - түсінетін Жанға ауыр азап екені рас-ақ. Себебі, Ұлттық тарихтың нақтылығы... ең әуелі келешек Ұрпақ тәрбиесі үшін ауадай қажет. Сондықтан, "Тарихтан - ұлы Ұстаз жоқ" - дейтін ұғым бекер айтылмаса керек...

Иә-ә, мынау шағын шығарманың атауы - " Абыз дала аңызы" - делінуі жөн. Өйткені, Халқымыздың шынайы тарихының өзі... расында да, аңыздарға айналып шар-тарап болып жатқаны өтірік емес. Мұны жйелеп... бір арнаға түсіру, Тәуелсіздігіміздің ең бір Ұлы мақсаты екендігі де ақиқат...

Адилбек Ыбырайым.jpg

Хикаятты оқып отырып, еліте түскен сәттер де... әттеген-аймен өкінгенім де көп болды. Сонау... Ұрыс хан дәуірінен беріқарайғы тарихымыздың ұзын-арқау Жүйесіне ыйланғанмен де.., анау Әмір Темір, Тұйқожа, Құтылық Бұқа, Тоқтақия, Құйыршық, Барақ, Тоқтамыс -жайлы деректер таратыла жазылмапты. Осыларды тарата зерттеген адамнан... жан-жақты мағұлыматтардың анық та, ашыңқырап жазылмағанына өкініш білдірдім. Айта берсе... әттегенайы көбірек шығарма екен. Сондықтан да, - " Абыз дала аңызы" - Көркем шығарма биігіне де, Тарихи жүйені жетер жеріне жеткізе алмағандай әсер қалдырды. Авторға айтар ұсыныс... дұрыс жүйесі бар тарихи деректерді, Тарихи еңбек етіп... тарата-талдап жазғаны керек сияқты. Өйткені, бүгінгі тәуелсіздігін тереңдетіп жатқан " ҚАЗАҚИЯ" ... сол аты әлемге әйгілі "АЛТЫН ОРДАНЫҢ" мұрагері екендігін ашық та дәлелдеп жазатын уақыт жетті...


Он бесінші (ХУ) ғасырдан кеудемсоқтықты бастаған "ЕВРОПАЦЕНТРИЗМ" алдына мақсат қойып, қайткенде де "ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІН" немесе "ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІН" барынша әлсіретіп өшіруге тырысқаны тарихи шындық. Осы қаскүнемдіктің салдары да... әсері де әлі күнге дейін, біздердің еңсемізді езіп келеді. Бұл жайында 2005 жылдары жазған... " ЕВРОПАЦЕНТРИЗМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ - АПАТ" - дейтін ғылыми мақаламда үш түрлі дәлелмен тарата-талдап көрсеткен едім. Біздің ұрпағымызға керек ең қажет нәрсе, ол Халқымыздың жүйеленген нақты Тарихы екені айдан да анық ақиқат...

Бөлісу:

Көп оқылғандар