Арай Қанапияқызы. Түркі халықтары шежірелері және Шәкәрім шежіресі
Бөлісу:
Шежіре – генеалогиялық тұрғыдан туыстық таралымды негіз ететін қазақ және қыпшақ халықтарында қалыптасқан ұғымы терең ұғым. Шежіренің екінші синонимдік варианты Жеті Ата ұғымына келеді.
Қазақ елінде күні бүгінге дейін өзінің құндылығы мен мәнін жоя қоймаған шежіре ұғымы түркі тілдес халықтар арасында башқұрт, өзбек, тәжік, қырғыз, қарақалпақ т.б. халықтарда бар. Аталған халықтардың қай-қайсысы да шежіре ұғымына жете мән беріп қарайды.
Мақалада Шежіре ұғымының хатқа түсіп қалыптасуындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының маңыздылығы, құндылығы туралы сөз етілген.
Шәкәрім шежіресінің құндылығы: аталған еңбекте автор өз еңбегі жайлы, қандай мәліметтер пайдаланғаны, қандай еңбектерге сүйене отырып, жазғандығы туралы мәліметтер беріп өткендігімен; шежіреден бұрынғы жағдай, шежіре басының қайдан бастау алатындығы туралы анық көрсеткендігімен (бұл шежіре кезеңі барлық түрік халықтарына ортақ); қазақтың түп атасының қайдан шыққандығын зерделегендігімен бағалы болып табылады.
Аталған халықтар шежіресінің мазмұны мен тарихилығына зер салсақ, Шәкәрім шежіресінің бір ерекшелігі және артықшылығы: тарихты қазақы дүниетаныммен сабақтастыра білгенінде ғана емес, тек қазақ халқының өткенін қамтып қана қоймай, туыстас, бауырлас халықтардың да түпкі тарихына зерделі ой жіберіп, қалам тартуында.
Мақала авторы татар, башқұрт, түрік халықтарының шежіре ұғымына негіз бола алатын осы тілдердегі тарихи дерек көздерін негізге ала отырып, қазақ халқының шежіре таратуда алатын орны, түрік тілдес халықтар арасындағы қайталанбас ерекшелігін ғылыми тілде айқын көрсеткен.
Кілт сөздер: Шәкәрім Құдайбердіұлы, шежіре, түркі халықтары шежіресі, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», жеті ата.
Шежіре – генеалогиялық тұрғыдан туыстық таралымды негіз ететін қазақ және қыпшақ халықтарында қалыптасқан ұғымы терең ұғым. Ежелден қалыптасқан қағида бойынша шежіре ер адамның ата-бабасымен таралады.
«Beğenmediği ikinci eseri ise ‘‘Türik Handar Şeciresi (Türk Hakanları Tarihi)’’ adlı kitabıdır. Şair bu eserinin, gençken etkilenerek milli tarih yazma amacıyla ortaya çıktığını söyler. Ancak milli olması kaygısıyla Türk kavminden olan tüm hanları eserınde övmüştür ve bu nedenle eseri objektif olmadığı iöin beğenmez [1, XIX], - деп Ш.Құдайбердиевтің ақын ғана емес, түрік халықтарының ортақ мұрасы етіп санауға болатын бағалы, құнды еңбектің авторы – шежіреші болғандығына да тоқталып өтеді. Шежіренің екінші синонимдік варианты Жеті Ата ұғымына келеді. Жеті Атасын білу – түркі тілдес халықтардың арасында қазақ халқы үшін міндетті болып табылады.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат,жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған [2].
Қазақ елінде күні бүгінге дейін өзінің құндылығы мен мәнін жоя қоймаған шежіре ұғымы түркі тілдес халықтар арасында башқұрт, өзбек, тәжік, қырғыз, қарақалпақ т.б. халықтарда бар. Аталған халықтармен бірге түбі бір туысқан халықтары ішінде шежіре ұғымына татар халқы да жете мән беріп қарайды.
«Шәжәрәләр турындагы фән – генеалогия – дөньяның мәдәни яктан алга киткән халыкларында, илләрендә безнең дәвәрдән күп мең еллар элек үк мәгълүм булган. Ислам, христиан диннәрәнең Изгә китапларында да Адәм галәйһиссәламнән башлап урта гасыр гарәп, фарсы, төрек, татар дәүләтләрен төзегән халыклар хакимнәренең, шул исәптән Мөхәммәд галәйһиссәламнең дә, легендар нәсәл шәжәрәләре урын алган», - деген зерттеу жолдарынан татарлардың қазақ халқы сияқты шежірені әлімсақтан тарататындығы белгілі болды [3,4]. Бірақ, бүгінгі татар зерттеулеріне ХҮІІІ ғасырдан бері қарай жазылған деректер негіз болатындығын:
«Татар шәжәрә, ингәздә. Гарәп язуында кәгазьгә төшерелгән. Сирәк булса да, ХҮІІІ-ХІХ гасырларда рус телендә, рус графикасында язылган татар шәжәрәләре үрнәкләре дә табылды. Аларны матбугатка әзәрләгәндә, зур текстологик эш башкарылды. Билгәлә булганча, шәжәрә текстлары зур таблицалар рәвешендә дә, зур форматлы амбар кенәгәләрендә таблицалар һәм атадан балага туучыларны санап бару тәртибендә дә бәян ителгәннар. Зур таблицалар рәвешендәге шәжәрәләр язылган кәгаьлар бөкләп сакланганлыктан, вакытлар узу белән тузу сәбәпле, бөкләгән жирләрәннән өзелеп һәм таралып, аерым өлгеләре югалу очраклары да бар», - деген зерттеу дерек көздерінен таба аламыз [3,8].
Башқұрт халқында да шежіренің ежелден бері адамдардың ата-тегін өз есінде сақтап келе жатқандығын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғандығы белгілі. Башқұрт тарихы бойынша ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда шежіре жазу, шежіре тарқату ұғымы пайда болып, генеологиялық жағынан өзінің ата-тегінің түп-тамырын айқындау, білу, айта білу белсенді әрі қарқынды дамыды. Генеология «genealogia» деген грек сөзінен аударғанда, шежіре деген мағынаны білдіреді. Шежіре өткенді сабақтай білуге, рулар мен туыстар арасындағы туыстық қарым-қатынастың жақындығын білуге үйретеді. Өздерінің тектік таралуын «шежере» деп атай отырып, башқұрт халқы да қазақ халқы сияқты жеті атасын тарата отырмаса да, қазақ елі сияқты араб тілінен түсінік бергенде де «ата-тек», «генеология» деген ұғымдарды білдіретін осы бір сөзбен тарихы тамырлас болып келеді. «Шежере башкирских родов и племен все еще таят в себе множество тайн и загадок, требующих их познания. При помощи башкирских родословных мы можем заглянуть в неизведанные страницы истории, попытаться ответить на интересующие нас вопросы, как прошлого, так и настоящего, узнать кто мы и откуда наши корни. Познав историю своих предков, их великие деяния мы, возможно, сможем узнать свой дальнейший исторический путь, свое предназначение в миропорядке. Осознание башкирским народом наследия предков и на основе этого своей исторической значимости и уникальности; своего дальнейшего исторического пути, в свою очередь, приведет к его благоденствию и процветанию, а значит к благополучию всего государства», [4,12] -дейді өзінің зерттеу еңбегінде башқұрт ғалымы В.Р.Мазитов.
Өткенін білген жанды өз кезеңінде отбасы мен өз жүзінің, өзінің ата-бабасының тарихы мен дәстүрін жалғастыра алатын толыққанды ұрпақ деп санаған. Генеалогия изучает происхождение, историю и родственные связи родов и семей. В нашей республике, говоря о родословии, часто употребляют слово «шежере». «Всплеск интереса к истории своего рода произошел в 90-е годы прошлого века. Граждане стали активно интересоваться своими корнями. Возросло количество обращений в архивы», - [5,3] деген жолдардан бауырлас башқұрт халқының кеңестік кезеңде қазақ халқына қарағанда өзінің шежіре сырынан қол үзіп қалғанын байқай аламыз.
Ал түріктердің ата тарихы Османлы тарихынан бастау алады. Түрік шежірелеріне көз жүгіртсек, бізге жол сілтейтін Бозкір императорлығы тарихы мен Осман тарихы бойынша жазылған әдебиеттер болып табылады. Bozkir'in üç atlisi (Atila-Cengiz Han-Timur) кітабында айтылған: «Asya bozkırlarının tabii bir devamı olan Avrupa'nın Doğu bozkırlarında İskitler'in yaşadıkları yerleri, birinci yüzyıllarda ellerine geçiren Gotlar, buraları Kara Deniz'in kuzeyindeki bozkırlarla birlikte Hunlar'a bırakmak mecburiyetinde kaldılar. Asya ile Avrupa arasında irtibatı sağlayan bu geçit, 4. yy.dan başlayarak 18. yy .a kadar Türk-Tatar kavimlerinin hâkimiyeti altında kaldı. İskitleri, Doğu Asya'dan Avrupa'ya akın etmiş olan bozkır kavimleri takip etmişlerdir. Bu iki kıtayı istila edenlerin sosyal benzerlikleri, bunları birleştiriyordu: İskitler de, Türk-Tatarlar da tam manâsıyla çoban, süvari ve okçu idiler. Türk-Tatarları'nm tarihi, Avrupa'da tanınmalarından çok evvel başlar. Hâdiselerinbilinmesi ve sıralanması bakımından büyük güçlüklerle dolu olan bu tarih, Asya Kıta'sı-mn genişliği ile orantılıdır. Avrupalılarca az tanınan ve onun ruhuna yabancı olan bu hâdiselerin anlaşılması ve hele izahı çok güçtür. Bu kavimlerin dramatik dünyasındaki hâdiseler, başka kanunlar altında ve geniş sahalarda cereyan etmiştir» сынды деректерден [6,304] түрік тарихының бастау көздерін көре аламыз.
Ежелгі түрік дүниесі – Атилладан (Еділ патша – ғұндар басшысы) бастап, Шыңғыс ханға дейін, Шыңғыс ханның жаулап алу саясатындағы Моғолстан ұғымы, Ақсақ Темір жорықтарындағы түріктер тарихы толық жазылған.
Аталған халықтар шежіресінің мазмұны мен тарихилығына зер салсақ, Шәкәрім шежіресінің бір ерекшелігі және артықшылығы: тарихты қазақы дүниетаныммен сабақтастыра білгенінде ғана емес, тек қазақ халқының өткенін қамтып қана қоймай, туыстас, бауырлас халықтардың да түпкі тарихына зерделі ой жіберіп, қалам тартуында.
Қазақ шежіресі тарихы туралы, қазақ шежірелерінің зерттелу тарихына көз жіберсек, кезінде оларды жазып алуға орыс ғалымдары А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, Н.Аристов, Г.Потаниндер көп үлес қосқанын байқай аламыз. Қазақ ойшылдары топтаған шежірешілердің ішінде М.Дулатидің, Қ.Жалаиридің шежірелері, «Жәңгірхан шежіресі», Ш.Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», А.Ниязовтың «Үш жүздің шежіресі», М.Шорманұлының шежіресі, Ө.Бөжейұлының «Қазақ жұртының шежіресі», Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресі», М.Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» атты еңбегіндегі (Ташкент, 1925жыл) қазақтардың қайдан шыққандығы, қазақ хандығының құрылуы, қазақ шежіресі туралы деректі-ғылыми зерттеу көздерін айта аламыз. Осылардың ішінде, тарихилығымен, деректерінің кең ауқымдылығымен көзге түсетін еңбектердің бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының біз атап өткен «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі. Кемеңгер Абайдың ұсынысымен Шәкәрім қазақ шежірелерін жинастырып түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежірелерін қатар қойып зерттеуі, оның білгір тарихшы, білікті сөз зергері болғандығын көрсетеді.
Шәкәрім шығамашылығын зерттеуші, зерделеуші ғалымдар деректеріне сүйенсек, шежіренің нақты қай жылдары жазылғандығы туралы айқын дерек жоқ. Тек Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресі 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрді.
«Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шаһкәрімнің бұл кітабы – қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шаһкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шаһкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес. Шаһкәрім жазады: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан берлі сол туралы естіген, білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым; ол оқып көрген кітаптардағы сөзді түгел жаза алмасам да, керектісін теріп алып, оған тура келген қазақтың ескі сөздерін қосып, жаздым», дейді. (3-інші бет)., -деп бұл туралы өз мақаласында әділ баға берген Ә.Бөкейханов:
«Бір алла бергеніңе сансыз шүкір,
Қалған жоқ зая болып қылған фікір,
Бітірдім түрік-қазақ шежіресін,
Болса да кемшілікті, қисық, бүкір. (109-ыншы бет).
Шаһкәрім өзі бүкір дегенмен, шежіресі – бала оқытқан молланың қолында болатын кітап екендігін атап көрсеткендігі [7,28] Шәкәрім шежіресіне ғана емес, қазақ шежіресі тарихы үшін де айтылған ақиқат сөздердің бірі деп бағалағанымыз жөн.
Әр рудан, түркі тілдес әр түрлі халықтардан тараған түріктер үшін де шежіре ұғымы жат емес.
Түрік елінде шежіре қазақтардағыдай ата-бабадан емес, осман түріктері, стамбул түріктері, парсыдағы һәм Закавказдағы түрік нәсілі деп қана бөлінетіндігін Шәкәрім қажы кеңінен баяндап өткен.
Бауырлас тәмам түрік халықтарына «шежіре» ұғымы ортақ болса да, жеті атадан аспай қыз алыспау ұғымынан бастау алатын берік дәстүр тек қазақтарда бар. Шежіренің түп-тамырымыздың алтын діңгегі екендігін, Елбасымыз өз Жолдауында да: «Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі. Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді.
«Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» [8] деп атап көрсеткен.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің шежіре жазу кезеңіне дейін, бірнеше тарихи кітаптарды оқып шыққанын өз еңбегінде баян етеді.
«Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері» зерттеу еңбегінде С.Ычык бұл туралы қазақ зерттеулеріндегі дерек көздеріне сүйене отырып: «Bu olaya Abay’ın da kızdığını ifade eden şaire büyük ustasının telkinlerinden birisi de Kazak Tarihi’ni yazması olmuştur. Bunun üzerine Sékerim on dokuz yaşından itibaren Kazak Tarihi hakkında bilgi ve evrak toplamaya başladığını söyler. Tarihi evrakları ve vesikaları toplamaya başlamasıyla şair, on dokuz yaşından itibaren Kazak Tarihi’ni yazmaya koyulmuştur. Bu eserini Abay hayatta iken tamamlar ve kitap 1911 yılında «Türik, kırğız, kazak hém Handar Şeciresi’’ ismiyle basılmıştır. Şaır, kitabın önsözündeki kendi ifadelerinden anlaşıldığına göre, bu eseri oluşturabilmek için uzun yıllar mesai harcamış, pek şok kaynaktan beslenmiştir. Bu konuda şair şunları söylemiştir: «Kazakların en eski kökenini bilebilmek için bütün duyduklarımı, bildiklerimi kaydettim. Bütün halkraın tarih kitaplarını okudum. Okuduğum kitapların Müslümancaları (Türkçeleri); Tabariy Tariyh Ğumumiy (Tabir-i Tarih-i Hümayun), Tarih Ğusmaniy (Tarih-i Osmani), Necip Asım Bey’in Türk Tarihi, Ebulgazi Bahadır Han’ın yazdığı tarih kitabı. Bunların dışında da pek çok kaynaktan yararlandım. Ruşca kitaplardan okuduklarım: Radloff’un uygurlar hakkındaki eseri, aristonun Türk nesli hakkında yazdıkları, dünyadaki çeşitli halkların tarihi ile ilgili Ruşça’ya yapılan çeviriler. Bunların yanı sıra Kutadgu Bilig’den de faydalandım. Çinli yazar Yuvan Mişi’nin yazdıklarından, çeşitli Arap, Fars, Rum ve Avrupa yazarlaının eserlerini de okudum» [1, XYIII] дегенін өз еңбегінде атап көрсетіп өткен. Яғни, аталған еңбектің 1911 жылы жарық көргенін, еңбек жазылғанға дейін әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқығанын, оқыған кітаптарының мұсылманшасы: «Тәбіри», «Тарих ғумуми», «Тарих» антшар аласлам», Нәжиб Ғасымбектің түрік тарихы, Әбілғазы баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер екендігін, орысша кітаптардан оқығаны: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік нәсілі туралы, әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері, оның ішінде түріктің ең есі замандағы шежіре кітаптары «Құдатқу білік»..., сондай-ақ, араб-парсы, рум-европа жазушыларының сөздерін де оқығандығын Шәкәрім сөзімен баяндап, атап көрсеткен.
Әлмисақтан бері, өз тарихын шежіре етіп ру-тайпалардың шежіресін жадында сақтап, жаттап өскен елдің бірі - қазақтар. Қазақта «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер» деп шежірелікті атадан балаға өсиет етіп қалдырды. Сонан да болар, Рашид-ад-Дин «олар жеті атасынан жетпіс атасын тарата білетін шежіреші ел» деп бағалапты. Шәкәрім шежіресін парақтап отырғанда, 1240 жылы жазылған «Құпия шежіремен», 1313 жылы жазылған Рашид-ад-Диннің «Жамиғ-ат-Тауариғы», 1463 жылы Әбілғазының жазған «Түрік шежіресінен» хабардар болғаны таңдандырмай қоймайды. Бұл құпия сақталатын шежірелердің ол кезде ақиқаттан гөрі аңызы басым еді. Бұл шежірелер көбінде жатқа айтылып, тек хандар мен бекзада- сұлтандар оқып құпия сақтаған-ды.
Шәкәрімнің шежіре жазған ХІХ ғасырдың соңы, көшпенділер тарихының тұйыққа тірелген тұсы болатын. Моңғолдар Манж-Цин патшалығының қол астына өткелі 180 жылдан асқандықтан, олардың тарихын таразылап жазу тұр ғой, ұлт болып қалуының өзі аса ауыр жағдайға соққан-ды. Сонан да болар, олардың тарихын басқыншы елдердің тарихшылары мен шетел жиһанкездері жазып, сызатыны әдетке айналған-ды [9,90].
Қорыта алғанда, Шәкәрім шежіресін оқи отырып, түйеріміз:
- Аталған еңбекте автор өз еңбегі жайлы, қандай мәліметтер пайдаланғаны, қандай еңбектерге сүйене отырып, жазғандығы туралы мәліметтер беріп өткендігімен;
- Шежіреден бұрынғы жағдай, шежіре басының қайдан бастау алатындығы туралы анық көрсеткендігімен (бұл шежіре кезеңі барлық түрік халықтарына ортақ);
- Қазақтың түп атасының қайдан шыққандығын зерделегендігімен;
- Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз ғана емес, осы жүздерге кіретін қаңлы, қыпшақ, қоңырат, қара қырғыз, керей, найман, уақ, төлеңгіт, тарақты, арғын тайпаларының арғы-тегі туралы тарихи анықтамалар бергендігімен;
- Хан шежіресі, Шыңғыс хан шежіресі туралы дәйекті пікірлерімен;
- қазақтан басқа да түркі тілдес халықтар шежіресін (сарт, өзбек, ноғай, башқұрт, қалмақ һәм Төлеуіт, түрікмен, якут, оранхай, Енисейдегі түрік, Күншығыс Түркістандағы түріктер) таратуымен;
- Қазақтың түп атасының қайдан шыққаны арабтардан емес, түп-тамыры көне түркі әлемінен екендігін ғылыми дәлелдермен, нақты тарихи деректермен түйіндей білуімен құнды.
Шәкәрім шежіресі - талай жылдарға созылған тер төккен еңбектің нәтижесі. Қазақ халқы үшін ғана емес, түбі бір түрік халықтары үшін де баға жетпес қазына болып табылады.
Сурет Абай әлемі сайтынан алынды
(Ықшамдалып берілді. Жалғасы бар)
Автор туралы.
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі,
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Işık S. Sékerim Kudayberdiev’in şiirleri: (giriş-metin-dizin). Danışmani, doctor Öner M.İzmir: 2004y.-309s.
2. Жеті ата. kk.wikipedia.org
3. Әхмәтжанов М.И. Татар шәжәрәләре:1 т. Казан: Татар, кит. Нәшр., 2012. – 407 б.
4. Мазитов В.Р. Башкирское шежере как историко-этнографический источник. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. Уфа: 2012, 22 б.
5. Калимуллина Г.Т., Бурангулова З.Ю. Методические рекомендации по составлению шежере (родословной).Управление по делам архивов при Правительстве Республики Башкортостан. Центральный государственный исторический архив Республики Башкортостан. Уфа: 2008, 22 стр.
6. Manole N. Bozkir'in üç Atlisi (Atila-Cengiz Han-Timur). Orhan Kemal il Halk Kütüphanesi.Istanbul: 2002, 304 s.
7. Шәкәрім журналы. Семей: 2006 - №3, 28б
8. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. http://www.akorda.kz . Астана, Ақорда, 14 желтоқсан, 2012 жыл.
9. И. Қабышұлы. Шәкәрім шежіресіндегі моңғол тарихының көрінісі. Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім шығармашылығы қазақ және әлем мәдениеті контексінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 1 том. Семей: 2008, 359б.
Бөлісу: