Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл

Бөлісу:

23.09.2024 2008

Биыл ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енген, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Осы айтулы іс-шара Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында көрінекті қаламгердің 100 жылдық мерейтойына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімнен басталды. Бұл іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. «...Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту – бәрімізге ортақ парыз. Осы орайда, жазушының 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілуі және туған жерінде сәулетті ескерткішінің бой көтеруі – әйгілі сөз зергеріне деген қадір-құрметтің белгісі. Қаламгердің өзіне ғана емес, оның кейіпкеріне ескерткіш орнату – өте сирек кездесетін оқиға. Астана төрінде тұрған Қожаның мүсіні Соқпақбаев шығармашылығының ұлт руханиятында ерекше орын алатынын көрсетеді», - делінген Президенттің құттықтау хатында. 

Классик жазушының ескерткішінің ашылу салтанатынан кейінгі мереке жоспары түрлі мәдени әм спорттық шараларға ұласты. 

«Әдебиет» порталы айтулы шарадан түсірілген сол суреттерді өз назарларыңызға ұсынып отыр.

Бөлісу:

Көп оқылғандар