Автор:
Халық ауыз әдебиеті
Жанр:
Жанқожа батыр
"Жанқожа батыр". Шығарманың бұл нұсқасын қызылордалық Лұқпан Кенжеұлы жырлаған. Оны 1946 жылы жыршының немере інісі Қаражан Рүстемов жазып алып, Алматыдағы Тіл-әдебиет институтының қолжазба қорына өткізген (ОҒК, 1320-бума). жинаушының айтуына қарағанда, Л. Кенжеұлы елдегі қарт кісілерден Жанқожа батыр жайындағы аңыз-әңгімелерді жинап, үлкен қисса, жыр жазуды мақсат еткен. Алайда небәрі 32 жасында өмірден өткен Лұқпан бұл арманын толық бітіре алмаса да, соңына ардақты батырдың бірнеше ерлік істерін баяндайтын бас-аяғы бүтін, тілі өрнекті, кейінгі ұрпаққа өнегелі жыр нұсқасын қалдырған. Ұсынылып отырған жыр мәтіні қолжазба негізінде әзірленді.
Жырды орындағандар: Ұ. Байбосынова, Ө. Сәрсенбаев, Ғ. Шаймаханова, Е. Шалдыбеков.
Sign in to add a quote.
Sign in to add a review.