«Кенесары». Бұл жырдың бірнеше нұсқалары сақталған. Олардың бірқатары Қазақстанның көптеген өңірлерінде бұрыннан айтылып келсе, Қытайдағы қазақтар арасында тараған түпнұсқалар кейінірек, түпнұсқа жырдың мәтінімен ауызша, яки қолжазба негізінде танысқаннан кейін туған сиякты. Солардың бірі – үрімжілік Шерияздан Сұлтанбайұлы жырлаған «Кенесары» жыры. Туындының Шерияздан жарлаған нұсқасын жыршының көзі тірісінде өз қолынан жазып алып, төте араб әліпбиінен қазіргі әріпке түсірген – фольклоршы, белгілі қаламгер Оразанбай Егеубаев. Мәтін осы нұсқаның негізінде дайындалды.
Жырды жырлағандар: А.Алматов, А.Абдуалиев, Г.Аманбаева, Р.Әшім, А.Ешбаева, К.Қайроллаев, А.Садықов, М.Тоқтағанова, Ж.Тоқтасынов, К.Түрікпен.
Sign in to add a quote.
Sign in to add a review.