Ескен Елубаев
Елубаев Ескен 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған.
1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.
Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды.
Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007–2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.
Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
Шығармалары: Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1526
27.10.2026
866
28.10.2026
859
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
356
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
