Пернебай Дүйсенбин
Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. 1962 жылы Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетінің журналистика бөліміне түсіп, 1969 жылы бiтiрген. 1964-1967 жылдар аралығында Украинада әскери борышын өтеді. 1969-1973 жылдары орта мектепте мұғалiм, 1973-1997 жылдары мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры, психологы болып iстедi. 1997-1998 жылдары газет тiлшiсi, 1998-2003 жылдары «Қаратау кеншiсi»-«Горняк Каратау» газетiнiң редакторы, 2004-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болып iстедi.
1990 жылдан КСРО, 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi. «Жұмбақ жұлдыз», «Кiшкентай генералдар», «Ән салыңызшы, Әке!», «Елгезек ертегілер елінде», «Ертегілер еліне саяхат», «Шуақты белес», «Арайлы таң алауы» повестер мен әңгiмелер жинағының, алты конкурстық жинақтың, «Шежірелі Сарысу», «Сарысунама» деректі кітабының, сондай-ақ аса көлемді тарихи, танымдық, деректік, әдеби, шежірелік «Үркердей болып көшкен жұрт...»,т.б. көптеген деректік кітаптардың авторы. Ол Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен республикалық «Жалын» баспасы бiрлесiп өткiзген жабық бәйгесiнiң 1979, 1980, 1981, 1986 жылдардағы жеңiмпазы. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының жабық бәйгесінің жүлдегері. 2013 жылғы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің лауреаты. 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденiмен, 1965 жылы «Жеңiстiң 20 жылдығы» медалiмен, 2002 жылы Жамбыл облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған. Сарысу ауданының Құрметтi азаматы.
Әдеби порталға жазушының 1960–2013 жылғы жазған таңдамалы шығармалары жіберіліп отыр. Шығармалар 1982 жылғы «Жұмбақ жұлдыз», 1985 жылғы «Кішкентай генералдар», 2004 жылғы «Ән салыңызшы, Әке», 2005 жылғы «Елгезек ертегілер елінде», 2013 жылғы «Ертегілер еліне саяхат», «Шуақты белес», «Арайлы таң алауы» атты жинақтарының негізінде қалыптастырылды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
