Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Еркін Нұразхан
Еркін Ибрагимұлы Нұразхан - 1953 жылы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Нұразханов Ибрагим (1908-1993), Сталин атындағы ұжымшардың, Комсомолдық ауыл кеңесінің төрағасы болған. Анасы - Бақатқызы Бежхан (1915-1980), үй шаруасымен айналысқан. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін; Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген (1986), сахнаның суретші-технологы. «Кімге күлеміз?» сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» кескіндемелік портреттердің және т.б. жұмыстардың авторы. Өскемен (2004, 2010), Семей (2005) қалаларында, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2005) жеке көрмелерін өткізген; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мен оқытушылары республикалық көрмесінің (2008), «Арт-үдеріс» (2009), «Көктемгі экзерсистер» (2009) республикалық көрмелерінінің қатысушысы; «Ұлт және руханият» (2003) мақалалар жинағының авторы. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен қаласы), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей қаласы), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шаңғыстай ауылы) сақталуда.
1983 жылдан - «Балдырған» журналының көркем редакторы.
1991-1992 жылдары - «АлмаСТ» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынының бас суретшісі. 1993 жылдан - «Түркістан» газет-апталығының суретшісі, тілшісі, бөлім меңгерушісі. 2002-2005 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы. 2006 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бөлім меңгерушісі, 2008 жылдың қазан айынан бері - директорының орынбасары. ҚР Журналистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2002 жылдан). ҚР ММ "Мәдениет қайраткері". (2004).
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
844
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
832
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
742
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
680
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
589
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
458
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
313
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
293
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899