Есенгүл Кәпқызы
Есенгүл Кәпқызы – журналист, ақын, филология ғылымдарының кандидаты.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған. 2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық еткен ол бүгінде «Түркістан» газетінің журналистер тобын басқарып, «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді. "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының жетекшісі. 2000 жылы ол «Сорос-Қазақстан» қорының «Баспасөз және миграция» номинациясы бойынша жүлделі орнына ие болса, 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғысымен» марапатталады. 2010 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының грантына, 2011 жылы "Даму" қоры ұйымдастырған "Үздік экономикалық мақалалар" конкурсының жеңімпазы, 2011 жылы "Нұр Отан" партиясының жыл сайынғы дәстүрлі "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері. 2007 жылы "Сөздің шыны" ("Ел шежіре" баспасы) 2010 жылы "Жырақта қалған тағдырлар" ("Жалын" баспасы) атты публицистикалық мақалалар жинағы жарық көрген. 2009 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде "Журналистік этика және құқық мәселелер" тақырыбында дәріс оқиды. "Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1661
05.10.2026
1539
05.10.2026
1529
08.10.2026
1401
09.10.2026
1280
08.10.2026
800
08.10.2026
673
05.10.2026
648
05.10.2026
545
09.10.2026
494
09.10.2026
378
09.10.2026
193
18.09.2026
3166
21.09.2026
3152
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2284
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1929
12.09.2026
1911
30.09.2026
1900
27.09.2026
1748
07.10.2026
1661
25.09.2026
1610
11.09.2026
1569
05.10.2026
1539
