Өмірбек Боранбаев
Өмірбек Боранбаев (1950 ж. т.), жазушы, драматург, актер. 1950 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. Содан соң Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарыл, 1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.
Драматург ретінде «Оң жамбас...» (комедия), «Дымың ішіңде болсын» (комедия), «Бәрінен күшті — қорқақ көжек» (ертегі), «Хан ием, Айкүн мен Тазша бала» (музыкалы қойылым), «Қаңбақ шал» (ертегі), «Сотанайдың соңғы үйленуі» (водевиль), «Біздің ауылдың көктемі» (драма), «Шәукен» (комедия), «Көк бөрі» (мистикалық драма), «Дүние жалған» (фарс) сияқты екі актілі пьесалар жазған. Бүл шығармалардың барлығы республика театрларында сахналанған. Шығармалары: прозасы «Өрімтал» әңгімелер жинағы (1978); пьесалары: «Дымың ішінде болсын», «Оң жамбас», «Бәрінен күшті қорқақ көжек», «Сотанайдың соңғы үйленуі», «Хан ием», «Айкүн және Тазша бала», «Барға барсаң, байқап бар»т. б. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапалдың, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» драмасында Жантық рөлдерінде, Б. Майлиннің «Жалбыр» спектаклінде қосалқы рөлде, Әуезовтің«Қарагөзінде» билер сахнасында ойнады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының лауреаты (2003, 2007), Орта Азия жаңа пьесалары фестивалінің Сертификат иегері (2006), Қазақстан Республикасының мемлекеттік грант иегері (2007), Қазақстан авторлар қоғамының драматургия саласының лауреаты (2008).
Көп оқылғандар
28.10.2026
1659
26.10.2026
1573
28.10.2026
1077
27.10.2026
889
26.10.2026
783
27.10.2026
773
28.10.2026
448
28.10.2026
390
24.10.2026
390
25.10.2026
388
28.10.2026
325
23.10.2026
256
25.10.2026
245
23.10.2026
219
21.10.2026
4383
22.10.2026
4235
20.10.2026
3375
07.10.2026
3283
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2574
09.10.2026
2289
05.10.2026
2288
30.09.2026
2174
08.10.2026
2131
15.10.2026
2120
14.10.2026
1876
