Нағима Жаулыбайқызы Байтенова - философия ғылымдарының докторы, профессор. 1991 жылы "Диалектика национального и интернационального как методологический принцип исследования" атты тақырыпты кандидаттық десертациясын, ал 1998 жылы — "Социально-философский анализ проблем межэтнической интеграции" атты тақырып бойынша докторлық диссертация қорғады.
Байтенова университеттік, жоғары оқу орындарыаралық, республикалық, аймақтық және халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларғы (Иран, Түркия) үнемі қатысып отырады, соның ішінде XXI Бүкіләлемдік философтар конгресіне қатысқан (Стамбұл 2003). 90 астам ғылыми және оқу-әдістемелік құралдары, мақалалары бар, соның ішінде шетелдік басылымдардағы еңбектері, философия пәні бойынша электрондық оқулық.