Серік Есентайұлы Нұрмұратов (5.10.1958 жылы туылған, Жалағаш қыстағы) – ғалым, философия ғылыми доктор (2000). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) философия факултетін (1981), бітірген.
1981 – 85 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технолониялық институтында, 1988 жылдан Қазақ КСР Ғылым Академиясының философия және құқық институтында еңбек етті.
2000 жылдан осы институттың «Қазақ философиясы тарихы» бөлімін басқарады. Ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыптары: дін мәселесі, этностың саяси және мәдени өмірі, шығыстық дүниетаным. Оның «Ұлттық болмыс пен ұлттық сана» (1996) атты кітабында қазақ этносының тарихтағы және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-философиялық, психологиялық мәселелері зерделенген. «Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау» (2000) аттыогиялық еңбегінде құндылықтар адам үшін маңызды құбылыстар ретінде қарастырылып, рухани байлық көздері ашып көрсетіледі.