Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
И
Иван Тургенев

Иван Тургенев

Иван Сергеевич Тургенев (1818-1883) - орыс жазушысы. Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген. 
 
1837 жылы Санкт - Петербордағы університетін бітірген. Шет елде, әсіресе Алмания менен Франсияда көп тұрған.Еуропады, әсіресе Парижте батыс әдебиетшілерімен байланыстар болған. Парижде жүргенде, Тургеневтың хатшысы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Алманиядағы Баден-Баден арасан суы бар елді мекенінде демалыс алған. Алманияда жүргеннің әсерінен Ася повестін жазған. Тургеневтың әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары - орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен Әкелер мен балалар, Аңшының жазбалары, Дворян ұясы романдары, Ася, Му-Му повестері жатады. Отцы и дети (Әкелер мен балалар) романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан нигилизмнің өсуін көрсетті. Тургенев орыс халқына жақын украин мәдениетін жоғары бағалаған, Т.Шевченкомен танысып дос еді, Шевченко Қазақстандағы айдауынан қайтқанда онымен жиі кездескен еді, Шевченко туралы естелігін («Воспоминание о Шевченко») жазған. Марко Вовчоктың досы еді. Тургеневтің «Рудин», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары орыстың реалистік әдебиетінің таңдаулы туындылары саналады.

Көп оқылғандар