Оспан Сейфолла
Оспан Сейфолла - 1938 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қаз-МУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген. Қызылорда паровоз депосында (1956 — 1957) жұмысшы, Алматыдағы «N»75 құрылыс тресінде» (1957 — 1958) моторист болып істеген. 1958-1997 жж. «Жазушы», «Рауан», «Қазақстан» баспаларында корректор, редактор, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильмде» аудармашы әрі редактор, «Ара-Шмель» журналында бөлім меңгерушісі, халықаралық «Түркістан» газетінде меншікті тілші қызметтерін атқарған.
1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақтап бастау алған шығармашылығы кейін балаларға арналған «Қалақай», «Балақойған», «Жалбыз» атты жыр жинақтарымен қоса «Жазғы жауын», «Бақытқа хат», «Құндыздым, менің жүлдыздым», «Ар мен ән», «Жанарымда жан сырым», «Көңіл сәулесі», «Самала» т.б. жыр жинақтарында жалғасып тапқан. 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалылары «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2009 жылы «Қанағат», «Тағзым», «Жалбыз» сияқты үш томдық жыр жинақтары жарық көрген. Және осы «Сыр дария кітапханасына» Қалтай Мүхамеджанның бес томдығын, Әбірәш Жәмішев, Әбдікәрім Ахметов, Қанапия Дәрібаев, Мүхамеджан Қаратаевтың кітаптарын құрастырып шығарған. Балалар сахнасына лайықтал өлеңмен «Мұңлық-Зарлық», «Асан-Үсен», «Аяз би» атты пьесалар жазған. Шығыстың ұлы шайырларының бірі Әбдрахман Жәмидің бәйіттерін, А.Тверскойдың Назым Хикмет өмірден жазған «Босфор үстіндегі ән» хикаятын, В.Биянкийдің «Қай құстың тұмсығы жақсы», Нагаевтің «Тайгадағы айқас», З.Аксаковтың «Алқызыл гүл» шығармаларын, А.Бартоның, түрікмен ақыны Тәңірқұлиевтың, Ә.Фирдаусидің, Ә. Рудакидің, Насыр Хүсыраудың, әзірбайжан ақыны Нәсимидің бірқатар жырларын аударған. Бұған қоса орыс классиктері А.Пушкин, М.Лермонтов, түрік ақыны Назым Хикмет, өзбек ақыны Ғафур Ғүлам, балкар ақыны Қайсын Кулиев, тәжік ақыны Момын Каноатовтың және венгр, ангола ақындарының топтамалары мен жекелеген шығармаларын қазақша сөйлеткен. Өз жырлары орыс, украин, қырғыз т.б. тілдерде жарық көрген. Кино саласында 60-тан астам фильм аударып, оның ішінде Ә.Фирдоусидің өлеңмен жазылған «Шаһнамасы» желісімен түсірілген «Рүстем-Сүһрап» (бір бөлімді), «Сияуыш туралы аңыз» (екі бөлімді), фильмдердің өлеңдерін, сондай-ақ қырғыздың «Айчурек» операсы либреттосын қазақшалаған. Сонымен қатар бір томдық «Қалтай қалжың дарын» құрастырып, оның алғы-соңғы сөздерін жазған. Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарландары жайлы мақалалар жинағы «Білім» баспасынан «Қанаты қырқылған қырандар» (2008), «Бала болмай, дана болып туғандар» ( 2009) деген атпен екі том боп жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы жүлдесінің иегері, Бұқар жырау және Асқар Тоқмағамбетов атындағы жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. Райымбек батыр атындағы мүшәйраның жүлдегері. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері. Қызылорда облысының Жалаңаш, Сырдария аудандарының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды