Ұларбек Дәлейұлы
Ұларбек Дәлейұлы 1980 жылы 26 қаңтарда Қытайдың Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 2004-2007 жылдары Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетінде «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2009-2010 жылдары Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Құснихат» баспасының бас редакторы,
2011-2015 жылдары Астанадағы ҚР Ұлттық архивінде «Сирек қолжазбалар» бөлімінде бас маман, аудармашы,
2016-2018 жылдары «baq.kz» ақпараттық агенттігінде редактор-журналист,
2018-2019 жылдары Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы,
2020-2023 жылдары «adyrna.kz», «madeniportal.kz» қоғамдық, мәдени, ақпараттық сайттарында бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір Астана қаласының Мемлекеттік архивінде аға ғылыми қызметкер.
Көп мәрте халықаралық және республикалық поэзия, проза байқауларының жеңімпазы. Түркияның Стамбұл қаласында өткен түркі тілдес әлем халықтарының «UNESCO. 2008 жыл – Махмұт Қашқари жылы» атты халықаралық әңгіме байқауының жеңімпазы.
2017 жылы «Ауыл» ХДПП ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым» атты жыр байқауының бас жүлдегері және арнайы «Алтын тұғыр» кубогының иегері.
«Қанымдағы қасқыр иісі» (2010 ж. «Жалын»), «Күз жауған соқпақ» (2014 ж. «ХАНТӘҢІРІ») қатарлы жыр кітаптары мен «Хат бармайтын қыстақ» (2021 ж. «Фолиянт»), «Қарғыбаулы қасқыр» (2023 ж. «Отбасы хрестоматиясы») сияқты әңгіме-хикаялар жинақтары жарық көрген.
Сондай-ақ, қазақ ұлысының атасы саналатын Жошы, Бату хандар туралы жазылған, оқырманның зор аңысын қозғаған «Жошы хан», «Бату хан» (2024-2025 ж.ж. «Фолиант») атты көлемді тарихи-деректі романдарының авторы.
Сонымен қатар, балаларға арналған «Шыңғыс қаған кім?», «Жошы хан кім?», «Бату хан кім?» (2024-2026 ж.ж. «Мазмұндама») кітаптарын жазған.
Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың, «Құрмет» орденінің
иегері.
Қазақстан жазушылар одағының, «ТҮРІКСОЙ» жазушылар одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1034
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3366
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
