Алмат Исәділ
Алмат Исәділ 1976 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 1994 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы орыс мектебін, 2000 жылы ҚазМҰУдың журналистика факультетінің сырттай оқу бөлімін тамамдаған. Еңбек жолын өзі оқыған мектепте ұстаздық етуден (1994–1996) бастап, кейін Алматыдағы республикалық оқушылар сарайында жұмыс істеген, 1998–2001 жж. «Алматы ақшамы» газетінде журналист, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында редактор болып жұмыс істеген.
Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Орыс тілінде де шығармалар жазып, аударма ісімен шұғылданып келеді. «Жас қазақ ақындарының антологиясына» топтамасы енген. Алматы қаласында өткен студент жастардың бірқатар мүшәйраларының жүлдегері. Астана қаласында 2001–2002 жылдары өткен ІV және V Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдеби шығарма» номинациясы бойынша дипломанты. «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жолдар, жолдар» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. 2002 жылдан бері республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. Қазір «Алаш айнасы» газетінде бөлім редакторы.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
422
28.10.2026
387
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3277
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
