Мұхтар Шерім
Мұхтар Шерім Жұмашұлы - 1957 жылдың 12 желтоқсан күні дүние есігін ашқан. Түлкібас ауданындағы Абай орта мектебін 1975 жылы бітірген соң, Бәйдібек ауданындағы "Алғабас" газетінде корректор, сосын әдеби қызметкер болып қызметке тұрған. ҚазМу-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, университетте "Жас толқын" қабырға газетін шығара бастаған. Университетті бітірген соң облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде сатиралық "Қақпан" бөлімін басқарды. "Ара-Шмель" журналының Шымкент облысындағы тілшісі болып қызмет жасаған. Республикада алғаш рет "Жұдырық" газетін ұйымдастырып, бас редакторы болды, кейін журналға айналды. "Барыс" газетін" ашып, бас редакторы болған.
Сатиралық кітаптары: "Құдағи құшақтай береді", "Бюрократпен қоштасу", төрт томдық: " Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Быт-шытыңызды шығарамын!" 1986 жылы "Күлкі жәрмеңкесі" әзіл-оспақ отауын ұйымдастырған. Облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеген. "Күлейікші, Мұхтар!" сатиралық театрын басқарған. "Тамашаға", "Шаншарға", "Алдараспанға", "Екі езуге", "Нысанаға" автор болған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. "Қазақ әдебиеті" газетінің лауреаты. Конституцияның он жылдығы мерекесі медалімен марапатталған. "Жас Алаш", "Айқын", "Жас қазақ", "Егемен Қазақстан" "Қазақ әдебиеті" газеттерінде әзіл-сықақтарым жиі жарияланады.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
12.11.2026
2116
15.11.2026
1754
17.11.2026
1504
17.11.2026
1254
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4778
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
