Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Жұбан Молдағалиев
Жұбан Молдағалиев (1920-1988) - ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы 1920 жылы Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан обл.) Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келді. Жетіжылдық мектепте, Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды. 1940-47 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Тұңғыш өлеңдер жинағы Жеңіс жырлары атымен жарық көрді. Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Алғаш 1939 жылы газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. Кісен ашқан, Қыран дала, Сел, Мен - қазақпын поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы Мен - қазақпын атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті.
Көп оқылғандар
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1761
«Aspan Books» баспасынан қос қаламгердің кітабы жарық көрді
29.04.2025
968
«Достық, бірлік, ынтымақ!» – ұранымыз!
01.05.2025
759
Бекбосынова Арайлым. Әңгімелер
30.04.2025
745
Галлиполи. Абдолла (I бөлім)
30.04.2025
522
Галлиполи. Абдолла (II бөлім)
30.04.2025
491
«Қазына» кітабы және қоғамдық сана
30.04.2025
405
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
09.04.2025
2282
Басуға тыйым салынған кітап
24.04.2025
2146
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында
11.04.2025
1963
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
11.04.2025
1927
Тоқсанға келген абыз
09.04.2025
1894
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
23.04.2025
1872
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1761
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
24.04.2025
1732
Қуат БОРАШ. Әпербақан
14.04.2025
1606
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
07.04.2025
1510
Ар безбені (әңгіме)
24.04.2025
1445
Үш тағаны берік ақын
25.04.2025
1337