Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Б
Бақыт Беделханұлы

Бақыт Беделханұлы

Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік ерекше қолтаңбасы бар ақын Бақыт Беделханұлы 1975 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келген. 
 
 
1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін тамамдаған. 
 
 
1996–1997 жж. Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институты театр факультетінің режиссерлық бөлімінде оқып, 1997–1999 жж. Абай атындағы АлМУдың философия кафедрасында аспирантурада білімін ұштаған. 
 
 
1999–2004 жылдары Астана қаласындағы мемлекеттік «Елорда» баспасының редакторы және Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалықдрама театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 
 
 
2004–2007 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Атажұрт», «Саят» бағдарламаларын жүргізді. 
 
 
2008 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінің директоры болып қызмет атқарады.
 
 
«Толқыннан толқын туады», «Қарлығаш», «Жас ақындардың антологиясы», «Қос ішек» атты ұжымдық жинақтарға топтама өлеңдері енген. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына орай өткізілген жас ақындар жырмүшәйрасының, 2002 жылы өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері.
 
 
1998 жылы «Кең дүние», 2001 жылы «Көкемарал» жыр кітаптары жарық көрді. «Махамбет» поэтикалық драмасының және «Қанталапай» киносценарийінің авторы.
 
 

Көп оқылғандар