Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мұхамеджан Абдрахманов

Мұхамеджан Абдрахманов

Мұхамеджан Абдрахманов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Мұхамеджан Абдрахманов 1942 жылы 14 шілдеде Шығыс Түркістанда туған. 1966 жылы ҚазПИдің филология факультетін бітірген. Сол жылдан бері Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. 

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Әдебиетпен 1960 жылдардан айналыса бастады. 1974 жылы республикалық дәстүрлі әдеби жабық конкурста «Аманат» атты повесі екінші сыйлыққа ие болды. «Үркер тоғысқанда», «Көзінде кеткен бір тамшы», «Мәңгілік махаббат», «Қиянат», «Қақтығыс», «Зобалаң», «Сағым жылдар» атты кітаптардың авторы. 

Шығармалары: Ағайша. Повесть. А., «Жалын», 1977; Адасқан қаз. Повесть. А., «Жалын», 1979; Көктем лебі. Повесть. А., «Жалын», 1981; Ана ерлігі. Повестер, әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Үміт жұлдызы. А., «Жазушы», 1990; Мәңгілік махаббат. Роман. А., «Жалын»; Көзінде кеткен бір тамшы. Роман. «Жалын», А., 1996. Қақтығыс. Әңгімелер мен хикаяттар. А., 2007.


Көп оқылғандар