Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Есберген Алауханов

Есберген Алауханов

Есберген Алауханов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Есберген Алауханов  1958 жылы 19 мамырда туған. Еңбек жолын Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында трактор бригадасында бастаған. 

Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін, Саратов жоғары милиция мектебін және Қ.Йасауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің экономика факультетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 

1993–2000 жж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер алқасының төрағасы, 2000 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасының бастығы, осы облыстың Қаржы полициясы департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. Полиция полковнигі.

Қазір әлФараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі. «Наука и жизнь Казахстана» ғылыми журналының Бас редакторы, республикалық «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Жарық көрген монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары, «Қылмысқа тосқауыл», «Ажалдың түсі», «Қасиетті мекендегі қала» атты шығармалары бар.

Қазақстан Журналистер одағының Б.Қаратаев атындағы сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Ресей Криминологтар ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры. «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Көп оқылғандар